23
Сенбі,
Қараша

һижри

Ауырлықтан кейін жеңілдіктің келуі

Ауырлықтан кейін жеңілдіктің келуі

Иман келтіру

Сөйтіп қиыншылық уайым әкеледі, ал жеңілдік қуанудың себебіне айналады, бірақ мұның бәрі сабырлылық пен табандылықты талап етеді, содан кейін ғана табыс пен жеңіс келеді.

Мұның бәрі Алла Тағаланың заңдары бойынша жүзеге асады әрі бұлар Алла Тағаланың Өз құлдарына қатысты мейірімділігі мен рақымшылдығының көрінісі. Алла Тағала: «Негізінде ауырлықпен бірге жеңілдік бар. Шын мәнінде, ауырлықпен бірге жеңілдік бар», – деген.

Сондықтан Алла Тағала Өзінің құлдарына жеңілдік әкелмейтін нәрсені алдын ала белгілемеген. Сондай-ақ Алла қиыншылықпен байланысты болған міндет-парызды олардан алып тастады. Осыған байланысты Алла Тағаладан мына сөздер түсірілген: «Алла сендерге жеңілдік қалайды, ауырлық қаламайды»; «Сендерге дінде ешбір қиындық қылған емес».

Сонымен Алла Тағаланың сөздерінде қиындық пен қайғы-қасірет мәңгі созылмайтыны, егер адам баласы Алла Тағала белгілеген тағдырды өз дәрежесінде қабылдап, Оның бұйрығы мен тыйымдарын бұлжытпай орындаса, пана іздегенде тек Аллаға жалбарынса әрі тек Оған ғана арқа сүйесе, онда Алла Тағала оның ауырлықтарын жеңілдіктермен ауыстыратыны анық айтылған. Алла Тағала: «Кім Аллаға тәуекел етсе, онда Ол оған жетіп асады», – деген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: