23
Сенбі,
Қараша

һижри

Жүректің әзірлігі мен үміт

Жүректің әзірлігі мен үміт

Иман келтіру

Негізгі шарттардың бірі – Алла Тағаланың жауабына (яғни дұғасын Алла Тағала қабыл ететініне) шын жүректен үміт ету.

Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаға, жауап қайтатынына берік сеніммен дұға жасаңдар; расында, Алла ғафыл, ынтасыз және немқұрайды жүректің дұғасына жауап қатпайды», – деді», – деген.
Абдуллаһ ибн Омар (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Жүректер, бұл – ыдыстар, олардың кейбіреулері бағзыларынан кеңірек болады, (сондықтан) аса Құдіретті де Ұлы Аллаға (қандай да бір) өтініш жасасаңдар, ей, адамдар, Одан жауап қайтатынына сеніммен өтініш айтыңдар, өйткені Алла жүрегі ғафыл құлына жауап қатпайды», – деді», – деген.
Ал үміт етудің белгісі – өзінің діни парыздарын толығымен орындау. Алла Тағала: «Шындығында, иман келтіргендер, қоныс аударғандар және Алла жолында соғысқандар, міне, солар Алланың мейірімін үміт етеді және Алла аса Кешірімшіл, ерекше Рақымды», – деген.

– Өтініш-тілек айтып жалбарынғанда тиянақтылық көрсету (екіленбеу).
Алла Тағалаға өз өтініш-тілегімен дұға жасаған кезде пенде шын пейілден, табандылықпен, үнемі және көңілінде ешқандай қобалжу болмай жалбарынуы тиіс. Алла елшісі (с.а.с.): «Сендерден ешкім: «Уа, Алла! Қаласаң, мені кешір! Уа, Алла! Қаласаң, маған мейірім көрсет!» деп айтпасын, керісінше дұға жасағанда тиянақтылық көрсетсін, өйткені Алла Өзі қалағанын ғана істейді және Оны ешкім (ешнәрсеге) мәжбүр ете алмайды»; «Сендерден біреу дұға жасап жалбарынса: «Уа, Алла! Қаласаң, мені кешір!» деп айтпасын, керісінше өз өтінішінде тұрақтылық көрсетсін (екіленбесін) және үлкен тілек айтсын, өйткені расында Алла нені сый етсе де, оны үлкен деп есептемейді», – деген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: