Адам егер көңіл аудармай көп күнә жасап, талай теріс амал істеген болса және оларды санап шығуы мүмкін болмай қалса, ол аса Құдіретті де Ұлы Алладан тек Ол ғана білетін, яғни Одан басқа ешкім білмейтін күнәлары үшін кешірім өтінуі керек.
Шаддад ибн Аус (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Саған белгілі жамандықтардан Өзіңнен пана сұраймын, Өзіңе белгілі жақсылықтарды Сенен өтінемін және Өзіңе белгілі нәрселерде Сенен кешірім өтінемін, расында, Сен жасырынғайыпты бәрінен Жақсы Білушісің (Аъузу бикә мин шәрри мә таъләму, уә әс-әлукә мин хайри мә таъләму, уә астағфирукә миммә таъләму, иннәкә Әнтә – Алламул-ғуййууб!)», – дейтін», – деген.
Шын мәнінде, Алла барлығын біледі және Ол барлық нәрсені түгендеп сақтайды. Себебі Алла Тағала: «Сол күні Алла, олардың барлығын тірілтеді де өздеріне не істегендерін хабарлайды. Алла оны түгендеп сақтады. Ал олар болса ұмытты», – деген.
материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,
ummet.kz