Пенденің күнәлары қаншалықты ауыр болса да, бәрібір Алла Тағаланың кеңшілігі мен кешірімі оның күнәларынан үлкен әрі ауқымды, Алла Тағаланың кешірімімен салыстырғанда олар (пенденің күнәлары) аса кіші мөлшерде көрінеді.
Жәбир (Алла оған разы болсын): «Пайғамбарға (с.а.с.) бір адам келіп екі не үш рет: «Күнәларым қандай үлкен!» – деп дауыстап жіберді. (Сонда) Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Уа, Алла! Менің күнәмнан Сенің кешірімің мол, өз амалыма қарағанда Сенің мейіріміңе көп үміт артамын (Аллаһумма, мағфиратукә аусаъу мин зунуби, уә рахмәтукә аржә ъинди мин ъамали)», – деп айт», – деді. Әлгі кісі осы сөздерді айтты, сонан соң (Пайғамбар (с.а.с.)): «Қайтала», – деді. Ол сол сөздерді қайталады. Ол (с.а.с.) оған тағы да: «Қайтала», – деді, ол тағы қайталады. Сосын Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Түрегел, Алла сені кешірді», – деді», – деген.
материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,
ummet.kz