23
Сенбі,
Қараша

һижри

Алла Тағалаға жақын болған адамдарға қатысты дұшпандық

Алла Тағалаға жақын болған адамдарға қатысты дұшпандық

Иман келтіру

Алла Тағала тақуа мұсылмандарды ренжітетін немесе оның өзіне, дүние-мүлкіне немесе ар-намысына қол сұғып, қастандық жасаушылардың әрқайсысына соғыс жариялайтынын хабарлады.

Ал Алла Тағала біреуге соғыс жарияласа, оны өлтіреді, қор етеді. Мұндай жағдайда Алла Тағала жазалау мерзімін кешіктіруі мүмкін, бірақ оны (жазалауды) еш ұмытпайды. Қиянат жасаушыларға сондай мерзім береді де, кейін Өзінің теңдессіз жазасына ұшыратады. Бұл хадистің кейбір риуаяттарында Алла Тағалаға жақын болғандарға жауыздық істеу және ондай адамды ренжіту Оған соғыс ашқанмен бірдей екендігі айтылған.

Айша (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Алла Тағала: «Маған жақын (адамды) кемсітіп қорлаушы Менімен соғысуды өзіне мүмкін (іс) деп есептеді», – деп айтты», – деді», – деген.

Әбу Умама (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Алла Тағала: «Маған жақын (адамды) кемсітіп қорлаушы Менімен ашық соғысуға шықты», – деп айтты», – деді», – деген.

Егер Алла Тағалаға жақын адам тарапынан болуы кәдік дұшпандық туралы айту және ол туралы әлдебір болжам-жорамал жасау мүмкін болса, бұл мәселеге Ибн Хажар «Фәтх әл-Бәриде» мынадай түсінік береді: «Алла Тағалаға жақын адамның дұшпандық жасайтын адамдары болады дегенге сену қиын. Өйткені мұндай іс екі жақты дұшпандықтың нәтижесінде туады, ал Алла Тағалаға жақын адамға момындық және өзімен санаспайтын адамдарды кешіру қабілеті тән.

Ал біздің пікірімізше, дұшпандық тек бұл дүние тіршілігі қайшылықтарымен және қарым-қатынасымен ғана шектеліп қалмайды, сонымен қатар мазһабтық фанатизм себебінен туындайтын өшпенділік нәтижесінде пайда болуы да мүмкін. Мәселен, нәтижесінде екі жақты өшпенділікке айналатын, сүннетті ұстанушыға қарсы жаңалық енгізуші бидғатшылар тарапынан болатын өшпенділік.

Алла Тағалаға жақын адам әрқашан өз Раббысы үшін жауласады, ал басқа біреулер дүние тіршілігі себептерімен жауласады. Бұл сөздер күнәкардың Алла Тағалаға жақын адамды жек көргеніндей, Аллаға жақын адам жек көрген күнәкарға да қатысты, өйткені ол күнәкарға қарсы өзінің айыптауын білдіріп, оны нәпсі жетегінде кетуінен қайтаруға үнемі әрекет жасаумен болады. Міне, бұл дұшпандық деп аталуы мүмкін, бірақ дұшпандықтың бұл түрі екі жақтың бірінен қимыл-әрекет, ал екінші жағынан күш қолдану дегенді білдіреді».

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: