23
Сенбі,
Қараша

һижри

Ізгілікке бастайтын жолдардың көптігі

Ізгілікке бастайтын жолдардың көптігі

Иман келтіру

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте:

«Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Бірде аңқасы кеуіп сусаған жолаушы жол үстінде бір құдыққа тап болады. Құдыққа түсіп, шөлін қандырып шықса, бір ит шөліркегені соншалық — тілі салақтап, суға жете алмай (дымқыл тартқан) жерді жалап тұр екен. Сонда ол ішінен: «Мына байғұс ит те мен секілді қатты шөлдеген екен ғой», — деп, құдыққа қайта түседі. Қолында ыдысы болмаған соң, аяқ-киіміне су толтырып алып, аузына тістеген күйі құдықтан шығып, әлгі итке су береді. Алла Тағала оның бұл ісіне дән риза болып, алғыс ретінде оның күнәларын түгелдей кешіреді», – деді. Сонда сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Жанжануарларға жақсылық жасау арқылы да сауап аламыз ба?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әрине, әрбір тіршілік иесіне жасалған жақсылық сауап ретінде жазылады», – деп айтты» – делінген (Бұхари, мусақат 9; Муслим, сәләм 153).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: