23
Сенбі,
Қараша

һижри

Адамды көркем ететін істердің ең хайырлысы

Адамды көркем ететін істердің ең хайырлысы

Иман келтіру

Алла Тағала Құранда:

«Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік-бұйым түсірдік. (Жараттық) Негізінде тақуалық киімі жақсы. Солар Алланың белгілері. Әрине түсінерсіңдер», - деп айтқан.

Алла Тағаланың адам баласын басқа жаратылыстарынан ерекшелеген өзгешелітерінің бірі – оған әурет жерін жауып жүретін, ыстық пен суықтан қорғанатын, жарасымды сән беретін киім киетін етті. Алайда адамның киетін киімдерінің ішіндегі ең абзалы, жан дүниесінің сұлулығын сыртқы келбетімен үйлестіретін, тақуалық киімі екендігі баяндалған. Аяттағы «тақуалық киімі» дегенге қатысты Мағбад Әл-жуһани «ұят» десе, Ибн Аббас «салихалы амал» деп түсінік береді.

материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: