23
Сенбі,
Қараша

һижри

Әділдік – Алла Тағаланың әмірлерінен

Әділдік – Алла Тағаланың әмірлерінен

Иман келтіру

Әділдік – әр нәрсені теңдестіріп ұстау, хаққысын беру, бір істі орын-орнымен орындау, ақиқат жолынды нық тұру дегенді білдіретін адам бойындағы көркем мінез.

Қатыгездік, опасыздық және жамандық деген сөздердің антонимі болып табылады. Алла Тағала қияметте осы Әділдік сипатымен адамдардың арасындағы ақысын алып береді. Тіпті мүйізді қошқарға мүйізсіз қошқарды сүзгені үшін ақысын өтетеді. Сол үшін де қиямет күні Алла Тағала былайша сипаттайды: «Қиямет күні, туралық таразысын қоямыз . Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Істелген іс (жақсы-жаман) бір ұрық түйірінің салмағындай болса да оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз» («Әнбия» сүресі, 47).

Әділдік – Алла Тағаланың әмірлерінен. Алла Тағала: «Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан әм зорекерліктен тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине түсінерсіңдер», - деп айтқан («Нахыл» сүресі, 90-аят).

Жалпы ислам дінінде әділдіктің үш өлшемі бар: Алланың құзырында әділ болу, өзіңе әділ болу, өзгеге әділ болу.

Яғни, біріншісі тек Аллаға ғана құлшылық жасап, дұға қылу. Бұйырғанын орындап, тыйған амалдардан тыйылу. Алланың берген ризығына разы болып, сынақтарға сабыр ету.

Екіншісі, Раббымыздың берген денсаулығына, дене болған аманатына қианат жасамау. Ар-ожданды қорғау.

Үшіншісі, тілмен, қолмен өзгеге зиян тигізбеу, біреудің ақысын жемеу. Осы аталған үш әділдікті берік ұстаған адам Алланың разылығына жетіп, өмірде де, ақыретте де бақытқа кенеледі.Сол үшін де Алла Елшісі: «Қиямет күнінде әділ болғандарға Алла Тағала нұрдан жасалған таққа отырғызады», – деген.

материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: