Адам баласы әр алуан қасиеттерге ие әрқилы адамдар арасында өмір сүреді.
Олардың арасынан қалайда оған зұлымдық жасайтындар мен барынша жәбір-жапа көрсететіндер шығады. Егер адам осындай жағдайда әлсіздік танытса, ол зиян тауып, шығынға ұшырайды, өмірі тозаққа айналады. Егер ол мұндай жағдайларға кешіріммен және мейірбандықпен қарап, шыдамдылықпен төтеп беруге күш-жігер тапса, онда табысқа жетеді де бақыт-берекеде, сүйіспеншілікте өмір кешетін болады. Өйткені Алла Тағала: «Алла бір әмірін келтіргенге дейін оларды кешіріңдер және кең пейілдік танытыңдар»;
«Жамандықты ең көркем түрде қайтар (жамандыққа қарсы жақсылық қыл). Сол уақытта араларыңда дұшпандық бар біреу өте жақын достай болып кетеді», – деді.
Ендеше, бұл ерліктің белгісі болып табылатынына күмән жоқ. Өйткені Жаратушы Иеміз: «Әрине, кім сабыр етіп, кешірімді болса, әлбетте, бұл – істердің ең маңыздысы», – деген.
Бұл айтылғандар тек қана аса Құдіретті де Ұлы Аллаға сенетіндерге және Алла Тағаладан ғана көмек сұрайтындарға ғана нәсіп болады. Алла Тағала: «Негізінде біріңді біріңе сынау қылдық, сабыр етесіңдер ме (жоқ па, көру үшін). Раббың бәрін Көруші», – деді.
Ендеше бұл тек қана Алла Тағаладан сауап үміт ететіндерге нәсіп болады. Алла Тағала: «Раббыларының дидарын іздеп, сабыр еткендер...», – деген. Мінеки, ешқандай жеңіс таласа алмайтын теңдессіз жеңіс – осы.
материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,
ummet.kz