08
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Ертең өлетіндей, мүшелеріңді харамнан сақта!

Ертең өлетіндей, мүшелеріңді харамнан сақта!

Иман келтіру

Имам Ғазали Хазіретінен кейбір насихаттар:

«Алланың берген нығметтерін Соның жолында қолдану – шүкіршілік, қаламаған жеріне жұмсау – күпіршілік».«Бәле күнә мен күпірлікте. Нағыз бәле бәлекеттер емес. Ішінде сен білмейтін қайырлар бар». «Бір сөз айтқан кезде ойлан... Айтпаған жағдайда жауапты болатын болсаң айт... Әйтпесе, үндеме!»

«Ақылды адам нәпсісіне былай деуі керек: «Менің қорым тек өз өмірім. Шыққан демнің қайтіп ке луі мүмкін емес. Бұл санаулы. Азайып бара жатыр. Олайболса, уақытыңды дұрыс жолда қолданбаудан да үлкен зиян бола ма?», «Ертең өлетіндей, мүшелеріңді харамнан сақта!», «Көзіңді аш! «Кейін тәубе етіп, салих амал жасаймын!» - десең, өлім одан да бұрын келуі мүмкін, соны ойла. Өкініп қаласың. Ертең тәубе етуді бүгін тәубе етуден оңай деп ойласаң, қателесесің». «Бір адамның саудасы ақырет саудасына кедергі болатын болса, ол адам бишара, бақытсыз. Бұл бір қарапайым шөлмек үшін алтын бұйым берген сияқты».

Имам Ғазали Хазіреті адамның жеке басы өз нәпсісін тануы мүмкін еместігін былай түсіндіреді: «Халық пен құлық сөзі бір түбірден туындайды. Түбірі жағынан біреуі сыртты, екіншісі ішті білдіреді. Халық – сыртқы сезімдермен түсінілетін түр, керініс, бейне мағынасында. Құлық болса адамның сыртқы түрінен білінбейтін құпия. Адамның негізгі түлғасын шынайы кім екендігін оның мінез-құлқы мен табиғаты керсетеді. Адам сыртқы көрінісі тұрғысынан өзін қанша жасырса да, күндердің бірінде ішкібеті көрініп қалады». Сыртқы көрінісімізді білу үшін айнаның қажет екендігі сияқты, ішкі жан дүниемізді, мінез-құлқымыз бен қабілеттерімізді ұғынып, қажетті түрде емдеу үшін де әулиенің фәйіз ұсыныстарына, яғни бізді тәрбиелейтінімізді ішкі дүниемізбен таныстыратын көңіл айнасына мұқтажбыз. Бір адамның Хақ алдында лайықты болған-болмағанын білу үшін өзіне қарап, көңіліне үңілуі керек. Егер құл Алланы көңілінде қаншалықты сезініп, оның жаратқан сұлулықтарындағы құдіреті мен салтанатын көріп, қайран қалып, есі шықса, Алла Тағала оған соншалықты жақын.

Сол үшін құл қандай жағдайда да нәпсі мен жүрек тазалығына мұқият болуы керек. Сонда ғана нүр көріністері арқылы көңіліндегі әуестіктерін күл қылатын көркемдік көріністері пайда болады!

материал «Бір шоқ гүл» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: