23
Сенбі,
Қараша

һижри

Адам мына 10 нәрседен ғибрат алмайды

Адам мына 10 нәрседен ғибрат алмайды

Иман келтіру

Бір күні Ибраһим ибн Адһам Басра көшелерінде келе жатыр еді, адамдар оның жан-жағына жиналып былай айтты:

– Әй, Әбу Исхақ, Ұлы Алла Құранда «Мүмин» сүресінің 60-аятында «Маған дұға етіңіз, дұғаңызды қабыл етейін» деп бұйырды. Біз көп жыл дұға етеміз, алайда дұғамыз қабыл болмай жатыр.

Сол кезде Ибраһим Адһам былай деді:

– Әй Басра халқы, он нәрседен жүректеріңіз өлген, бұл жағдайда дұғаларыңыз қалай қабыл болады?

1. Ұлы Алланы білесіздер, ол үшін істелуі хақ болған істерді істемейсіздер.

2. Құран Кәрімді оқисыздар, бірақ оның әмірлеріне қарап әрекет етпейсіздер.

3. Расулалланы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жақсы көреміз дейсіздер, бірақ оның сүннетімен жүрмейсіздер.

4. Шайтанның дұшпан екенін білесіздер, айтасыздар, сөйте тұра оған бас иіп, соның ыңғайын жасайсыздар.

5. Жаннатқа кірем деп айтасыздар, бірақ оның әрекетін жасамайсыздар.

6. Тозақ отынан құтылғаныңызды қалайсыз, бірақ бір жағынан өзіңізді соған тастайсыздар.

7. «Өлім – хақ» деп айтасыздар да, ол үшін ешқандай дайындық жасамайсыздар.

8. Дін бауырларыңыздың айыбын айтасыздар, бірақ өз айыптарыңызды көрмейсіздер.

9. Алланың берген нығметтерін жейсіздер, бірақ оған шүкіршілік етпейсіздер.

10. Мәйітті қолмен көмесіздер, бірақ одан ғибрат алмайсыздар, – деген екен.

материал «Баталар. Өсиеттер. Дұғалар.» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: