08
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Күншілдіктен арылу шаралары

Күншілдіктен арылу шаралары

Иман келтіру

Мүмін адам ішінде әлдекімге күншілдік сезімі оянғанда, сол сезіммен іштей күресіп, жеңуге тырысады.

Қызғанышты емдеу жайлы ғалымдар мынадай ұсыныс айтады: «Күндеген пенде күншілдіктің ақырын, нәтижесін ойласын. Мынаны жақсы түсінсін – ол қызығып күндеп жатқан адамның бойындағы дүниелік көркемдік пен күш-қуат, мәртебе мен байлық өткінші. Олардың пайдасы аз, машақаты көп, ал ақыреттік нығметтер – мәңгілік. Ақырет істерінде күншілдік болмайды. Егер ақыреттік істер үшін де күншілдік жасап, қызғанса, ондай адам рияқор (мақтаншақ) болғаны, ол ақыреттік дәулетін дүниеде құртқысы келеді немесе күндеген адамын рияқор (мақтаншақ) деп ойлайды, оған жазықсыз жапа шектіреді, зұлымдық жасайды. Сондай-ақ оған келген апат, бәлелерге қуанып, нығметтерге қиналып, тағдыр мен Құдайдың рақымына, оның жасаған жақсылықтарына ренжиді, тіпті тағдырды сынап, Аллаға қарсылық көрсетеді. Тағдырды сынаған адам басына қиындық келсе, өзін-өзі жеп бітіреді, Аллаға қарсылық көрсеткен адам мейірімнен құр қалады.

материал «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: