27
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Алла ең жек көретін адам – келісімге келмейтін жанжалшылдар»

«Алла ең жек көретін адам – келісімге келмейтін жанжалшылдар»

Иман келтіру

Айша (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: «Алла ең жек көретін адам – келісімге келмейтін жанжалшылдар».

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Біз тағдыр жөнінде таласқа түскен сәтте, Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келіп қалды. Ашуланғаны соншалықты – реңі қызарып, бет-әлпеті құдды анардың түйіршіктері сияқты қып-қызыл болып кетті де, бізге ескерту жасап былай деді: «Осылай бұйырылдыңдар ма әлде мен сендерге осы үшін жіберілдім бе? Біліп жүріңдер, сендерден бұрынғылар діни мәселелердегі талас-тартыстың көптігінен және пайғамбарлары жайындағы пікірталастары үшін құрдымға кеткен». Тағы бір риуаятта мынадай қосымша бар: «Тағдыр жөнінде таласқа түспейді деп ант еттім».

Ислам дініндегі талас-тартысқа ең бейім әрі ашық болып табылтын тұсы – тағдыр мәселесі. Тағдыр – құлдың жақсылық пен жамандықтарын Алланың жаратқандығына, адамдарды жаратпас бұрын не істейтіндіктерін Ләухул Махфузда жазып қойғандығына, әрбір істің Алланың қалауымен пайда болатындығына иман ету және мойынсұнып разы болып осыған сай сауап берілетіндігі уәде етілгендігіне, күпірлік пен тағдырға разы болмағанға жаза берілетіндігіне сену.

1. Әрбір істі Алла алдын-ала жазып қойған болса, құл жасаған амалдарында мәжбүр ме? Егер ола й болса жасаған істерінен жауапты болмауы тиіс емес пе?

2. Алла Өзі разы болмаған затын не үшін жаратады?

3. Жазылған іс орындалатын болса еңбек етудің мәні не? Мұндай сенім адам баласын жалқаулыққа баулымайды ма? тсс.

Бұл сұрақтарға жан-жақты қарастыра отырып жауап беру қажет. Сонымен қатар адам табиғаты тағдыр мәселесі өткен жерде осы сұрақтарды сұрауға құмартып тұрады.

материал «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: