«... Тақуа иесі болыңдар, Алла сендерге (білмегендеріңді) үйретеді...» («Бақара», 282).
«... Сендердің ең қымбат, ең құндыларың – Алладан ең көп қорыққандарың (тақуалықта ең үстем болғандарың)...» («Хұжурат», 13).
Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) мырзамыздың Әһли Бәйті мен олардың тегінен келген «Сәййид» пен «Шәрифтер», сөзсіз, адамзат ішіндегі ең асылзадалар. Бірақ, тақуа атақ пен абыройдың нағыз қайнар көзі екендігі соншалық – иесін ең шарапатты, ең текті асылзадалардың мүшесі етеді. Яғни, рухани тұрғыдан Әһли Бәйттің мүшесі халіне айналады.
Расында, Сәлман Фәрси әр іс-әрекетімен, күллі болмысымен сондай көркем Ислам тұлғалығын танытқанынан Әнсар да, Мүһәжірлер де: «Сәлман бізден» деп, әрқайсысы оны бөлісе алмайтын дәрежеге жеткен. Осыған орай Пайғамбар (с.ғ.с) мырзамыз: «Сәлман бізден, Менің Әһлү Бәйтімнен!» деп, оны ілтипатқа бөлеген (Ибн Хишам, III, 241).
Демек, Әһли Бәйттің шын мүшесі болудан басқа рухани тұрғыдан да Әһли Бәйттен болу мүмкін екендігі мүмин жүректер үшін, сөзсіз, мәртебелердің ең абыройлысы болған бұл абзалдықтың бір ғана шарты – «тақуа». Адамның негізгі бағасы мен құны жүрегіндегі Алла Тағалаға деген тақуа сезімімен өлшенеді. Дүниедегі мал-мүлкімен, атақ- мәнсабымен емес!
Қысқасы, тақуа – Аллаға құл бола білу және Алла Расулының (с.ғ.с) ахлағын бойға дарыта білу өнері.
материал «Бір насихат, мың бір ғибрат» кітабынан алынды,
ummet.kz