Бес нәрсенi имам iстемесе, жамағат та iстемейдi.
Олар:
1. Имам құныт оқымаса, жамағат та оқымайды.
2. Имам айт намазында тәкбiрлердi айтпаса, жамағат та айтпайды.
3. Имам төрт рәкатты намаздың екiншi рәкатында отырмаса, жамағат та отырмайды.
4. Имам сәжде аятын оқып, сәжде қылмаса, жамағат та қылмайды.
5. Имам сәһу сәждесін жасамаса, жамағат та істемейді.
Төрт нәрсенi имам iстесе де, жамағат iстемейдi.
Олар:
1. Имам екiден көп сәжде етсе, жамағат етпейдi.
2. Имам айт тәкбiрлерiн бiр рәкатта үштен көп айтса, жамағат айтпайды.
3. Имам жаназа намазында төрттен көп тәкбiр айтса, жамағат айтпайды.
4. Имам бесiншi рәкатқа тұрып кетсе, жамағат тұрмайды, имамды күтiп бiрге сәлем бередi.
Он нәрсенi имам iстемесе де, жамағат iстейдi.
Олар:
1. Ифтитах тәкбiрiне қолды құлаққа көтеру.
2. Субханәкә оқу.
3. Рүкуге иiлгенде тәкбiр айту.
4. Рукуде тасбих оқу.
5. Сәждеге жатып тұрар кезде тәкбiр айту.
6. Сәжделерде тасбих айту.
7. Сами Аллаһу.. демесе де Раббәнә ләкәл хамд деу.
8. Әттахиятуды соңына дейiн оқу.
9. Намаз соңында сәлем беру.
10. Құрбан айтында жиырма үш парыздан кейiн сәлем берер-бермес ташриқ тәкбiрін оқу.
материал «Намаз кітабы» кітабынан алынды,
ummet.kz