Сұрақ: Мұсылманның қанша түрлі міндеті бар?
Жауап: Үш түрлі міндеті бар:
1) Жеке міндеті:
Әр мұсылман өзін жақсы жетілдіруі, дені сау, әдепті, жақсы мінезді болуы, ғибадаттарын орындауы, ілім мен жақсы ахлақты (мінез-құлықты) үйренуі, халал азық табу үшін еңбек етуі – жеке өзінің міндеттері.
2) Жанұя ішіндегі міндеті:
Жұбайының, ата-анасының, бала-шағасының, бауырларының алдындағы ақыларын, міндеттерін орындау – жанұя ішіндегі міндеттері.
3) Қоғамдағы міндеті:
Көршілерінің, ұстаздарының, оқушыларының, отбасының, қол астындағылардың, өкіметтің және мемлекеттің, бүкіл отандастардың, діні мен ұлты басқа болғандардың алдындағы міндеттері.
Бәріне жақсылық етуі, қолымен, сөзімен ешкімді ренжітпеуі, ешкімге зиян тигізбеуі, қиянат етпеуі, бәріне пайдалы болуы, мемлекетке, заңға қарсы шықпауы, әркімнің ақысын өтеуі қоғамдағы міндеттері болып табылады.
материал «Бақыттың кілті жанұяда» кітабынан алынды,
ummet.kz