Меню

11
Жұма,
Сәуір
12
Шәууәл
1446 һижри

Жоғары мәртебе іздедім, қарапайымдылықтан таптым

Жоғары мәртебе іздедім, қарапайымдылықтан таптым

Иман келтіру

Аят кәримәда айтылған: «Рахманның (хас) құлдары жер бетінде қарапайымдылықпен жүреді...» (Фұрқан, 63).

Ідіріс былай деп насихат айтқан: «Ақылды адамның мәртебесі жоғарылаған сайын қарапайымдылығы арта түседі».

Көкейкөзі ашық ақын бұл ақиқатты былай деп шумақтаған:

Топыраққа түспеген дәнек бүршік жармайды,
Қарапайым болғанды,
Рахманның рахметі биіктетеді.

Хазіреті Мәулананың мына баяны да тәкаппарланып, менмендік дауын көтергендердің қаза (тағдырдың іске асуы) қылышын өздеріне қарай қозғалтқандарының ашық мысалы: «Қылыш мойыны бар кісінің мойнын шабады. Ал көлеңке жерге түседі. Оның мойны мен денесі болмағандықтан жарақат алмайды, шабылмайды».

Мақтаншақтық, тәкаппарлық пен менмендік көбіне қабілетті әрі дәулетті адамдарда байқалады. Алайда, адамға сыйланған барлық нығметтер екі жүзі де өткір пышақ секілді. Яғни жақсылыққа да, жамандыққа да қолдынала береді. Сондықтан заттық һәм рухани қабілеттер мен байлықтың негізгі күші мен айбындылығы – сараңдық пен ысыраптан аулақ, қарапайым әрі жомарт болып мүмкіндіктерін мұқтаждарға сарып қыла білу. Мүмин үнемі «Алла разылығы үшін өзіме қанша, өзгелерге қанша жұмсадым?..» деп, өз істерін сын таразысына салып, тәфәккур халінде болуы керек.

материал «Бір насихат, мың бір ғибрат» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: