29
Жұма,
Наурыз

һижри

Жүрегіңде Алланың рахымынан үміт бар ма?

Жүрегіңде Алланың рахымынан үміт бар ма?

Иман келтіру

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) өмірден өтейін деп жатқан бір жас жігіттің жанына кірді. Одан: «Өзіңді қалай сезініп жатырсың?» – деп сұрады. Ол: «Уа, Расулалла, Алладан үмітім бар, бірақ күнәларымнан қорқып жатырмын», – деп жауап берді. Сонда Расулалла (с.а.с.): «Мұндай жағдайда құлдың жүрегінде (қорқыныш пен үміт) біріксе, Алла тағала еш күмәнсіз ол құлының үміт еткенін береді әрі қорыққан нәрсесінен құтқарады», – деп түсіндірді».

ТҮСІНДІРМЕ:

1. Расулалла (с.а.с.): «Өзіңді қалай сезініп жатырсың?» деген сөзімен одан: «Дүниеден ақыретке көшіп бара жатқанда көңілің не сезіп жатыр? Жүрегіңде Алланың рахымынан үміт бар ма әлде Алланың қаһарынан қорқыныш бар ма?» деп сұраған. Сонда өлім аузындағы әлгі жас жігіт жоғарыдағыдай жауап берген.

2. Хадистен жас жігіттің өлім аузындағы адам екенін түсінеміз. Ғалымдар дұшпанмен жекпе-жекке шыққанда, қысас кезінде, өлім жазасы секілді жайттарда адам баласының түсінігі осыған сай болуы керек дейді. Мұндай сәттерде адам Алланың мейірімінен үміт етіп, күнәлары себепті қаһарынан қорыққан жағдайда хадисте айтылған сүйіншіге лайықты болады.

3. «Қорыққанынан құтқару» деген сөз құлдың күнәларының кешірілуі деген сөз. Расулалла (с.а.с.) бұл хадистерiмен, өлім келген сәттерде мүмін адамның не істеуі, қандай ойда болуы керектігін үйреткен.

материал «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: