25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Адамдағы ұят сезімі табиғи жаратылыстан ба?

Адамдағы ұят сезімі табиғи жаратылыстан ба?

Иман келтіру

Расулалла (с.а.с.) ұятты болудың Ислам дініндегі маңыздылығын көрсету үшін, ұяттың «иманның бір бөлшегі» екенін айтқан.

Ұялу атты жақсы мінездің адамзат тарихындағы ерекшелігін былай жеткізген: «Адамзаттың ең алғашқы пайғамбарлықтан үйренген насихаты мынау: «Егер ұятың жоқ болса, қалағаныңды жаса!» Ғалымдар «Адамдағы ұят сезімі табиғи жаратылыстан ба, жоқ әлде кейіннен пайда бола ма?» деген мәселеге қатысты ибн Хажар: «Ұят – иманның бір бөлшегі» деген хадиске сілтеме жасай отырып былай дейді: «Егер «Ұят адам табиғатынан бар десе, ол қалайша иманның бір бөлшегі болады?» десең, жауабы былай: «Ұят, кейде табиғи жаратылыстан туындайды, кейде кейіннен қалау арқылы үйреніледі. Алайда шариғаттың талабына сай қолданылуы үшін үйренуге, мағлұматқа және ниетке мұқтаждығы бар. Осылайша ұяттың ниет пен қажыр-қайрат арқылы қолданылуы, Алланың әмірлеріне, сауапты істерге жөнелтуші және күнәлі істерден тыюшы болуы, оны иманның бір бөлшегі болдырады. Еш уақытта: «Ұят бар, шындықты айтуға немесе қайырлы іс жасауға кедергі болады» деп айтылмайды. Өйткені мұндай ұят түсінігі шариғатқа жатпайды».

Қуртуби: «Адамның кейіннен үйренген ұяты – иманның бір бөлшегі болған ұят. Адамнан күтілетін ұят та осы. Егер кімде табиғатынан ұят болса, ол кейіннен үйренген ұятқа жәрдемші болады. Сондай-ақ кейіннен үйренген ұят адам табиғатына сіңу арқылы табиғатына айналып кетуі де мүмкін. Расулалла (с.а.с.) бұл ұят түрінің екеуін де бойына жинаған: Табиғи ұятына қатысты «Ар-намысы пәк қыздан да қатты ұялатын» десе, үйренілген ұятына қатысты «Шың басында еді», – деген».

Әдет-ғұрыптық тұрғыда ұят саналатын кейбір ұятты мәселелер жайлы сұрақ сұрауды немесе түсіндірмесін беруді дініміз ұят санамайды. Алла елшісі (с.а.с.) қажет болған кезде ондай мәселелерге жауап бергенде мына аятты оқитын: «Алла ақиқатты ашып айтудан тартынбайды».

Сахабалар да Расулалладан (с.а.с.) үйренген бұл әдіс бойынша қажет болғанда Алла елшісінен (с.а.с.) кейде бір-бірлерінен ұятты мәселелер жайлы сұраудан тартынбайтын әрі жоғарыдағы аятты оқу арқылы білуі қажет болып тұрған мәселелерді сұрайтын. Олардың бұл әрекетін ешкім айыптамаған һәм мәселенің мән-жайы жабулы күйде қалмай анақ-қанығы ашылатын.

материал «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: