08
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Алла Тағаланың нығметтерін кім санай алады?

Алла Тағаланың нығметтерін кім санай алады?

Иман келтіру

Алла Тағаланың нығметтерін кім санай алады? Ниғметтерінің миллионда біріне кім шүкір ете алады? Адам Алла Тағалаға, қажет болған шүкір қарызын қалай жасауы керек?

Кейбіреулердің айтуынша, бірінші міндет – Алла Тағаланың бар екенін ойлау. Шумақ:

Шүкір болсын Аллаға ниғметтері мол болған,

Алдыменен бар болу ниғметін берді Ол маған,

Сияпатын, нығметін санау үшін күш жетпес,

Күш пен барлық үстемдік лайық тек қана Оған!

Кейбір ғалымдардың айтуынша, нығметтердің Одан келгенін түсіну және тілмен хамд пен шүкір жасау керек. Кейбіреулерінің айтуынша, бірінші міндет – Оның әмірлерін орындау, харамдарынан сақтану.

Ал бір бөлігі, адам алдымен өзін тазалауы керек. Осылайша Алла Тағалаға жақындауы керек, деді. Кейбірлері, адамдарға дұрыс жолды көрсету, дұрыс, салих болуы үшін талпыну керек, деді. Ал кейбіреулері, адамның нақты бір міндеті болмайды. Әр адамның өзіне сай басқа-басқа міндеттері болады, деді.

Кейіннен келгендердің айтуынша, адамның Алла Тағаланың алдындағы міндеті үшке бөлінеді: Біріншісі, денесімен жасалатын істер. Намаз, ораза сияқты. Екіншісі, рухымен жасайтын міндеттері. Дұрыс ақидаға (сенімге) ие болу (Әһли сүннет ғалымдарының білдіргеніндей иман ету, сену.) Үшіншісі, адамдарға әділеттік жасау арқылы Алла Тағалаға жақындау. Бұл нәрсе аманатты сақтау, адамдарға насихат айту, ең алдымен Ислам дінін үйрету марқылы жүзеге асады.

Осы айтылғандардың барлығынан түсінікті болғаны – ғибадат үшке бөлінеді: дұрыс сенім, дұрыс сөз және дұрыс амал. Бұның соңғы айқын әмір етілмеген екеуі заманға және шарттарға қарай өзгереді. Алла Тағала пайғамбарлары «алейһимуссалауату уәттәслимат» арқылы өзгертеді. Ғибадаттарды адамдар өзгерте алмайды. Пайғамбарлар «алейһимуссалам» және осы ұлылардың мұрагерлері болған Әһли сүннет жолының ғалымдары «рахимә һумуллаһу тағала» ғибадаттардың түрлерін және қалай орындалатынын жеке-жеке білдірген. Бұларды әркімнің үйренуі және сол бойынша амал етуі қажет.

Бұл пақырдың түсінгені бойынша, сөздің қорытындысы, жоғарыда білдірілгеніндей дұрыс сенім, дұрыс сөз және салих (жақсы) амалдар – бірінші міндет.

Ислам ғалымдары және тасаууф ұлыларының  «рахимә һумуллаһу тағала» айтуынша, адамға уәжіп болған бірінші міндет – иман, амал және ықылас иесі болу. Дүние мен ахирет бақытына тек осы үшеуіне қауышу арқылы қол жеткізіледі. Амалдар – көңілмен және тілмен, яғни сөзбен және денемен орындалатын істер деген сөз. Көңілдің істері – ахлақ. Ықылас – амалын, яғни барлық істерін, ғибадаттарын, тек Алла Тағаланың разылығына, сүйіспеншілігіне қауышу үшін орындау деген сөз.

материал «Исламдағы ахлақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: