20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Сөздегі екіжүзділіктің белгісі: Өтірікші адамды құптау

Сөздегі екіжүзділіктің белгісі: Өтірікші адамды құптау

Иман келтіру

Бірде Ибн Омарға (Алла разы болсын): «Расында, біз басшыларымыздың алдына кіргенде бір сөз сөйлеп, олардың алдынан шыққан кезде басқа сөз сөйлейміз», – деп айтылады.

Ибн Омар (Алла разы болсын): «Алла елшісінің (с.ғ.с) кезінде біз мұны екіжүзділік деп есептейтінбіз», – деді (Табарани).

Сөздегі екіжүзділіктің тағы бір түрі: өтірікші адамды құптау:

Жабирден (Алла разы болсын): «Бірде Пайғамбар (с.ғ.с) Кағб ибн Ужраға: «Алла сені ессіздердің басшылығынан сақтасын!» – деді. Кағб: «Ессіздердің басшылығы деген не?» – деді.

– Менен кейін сондай бір басшылар болады. Олар менің тура жолыммен жүрмейді әрі менің сүннетімді жолбасшы қылмайды. Кім олардың өтірігін құптап, олардың әділетсіздігіне жәрдемдессе, міне, солар менен емес әрі мен олардан емеспін. Олар менің хауызымнан су ішпейді. Ал кім олардың өтірігін құптамаса әрі олардың әділетсіздігіне жәрдемдеспесе, міне, солар менен, мен де оларданмын. Олар менің хауызымнан су ішеді. Уа, Кағб инб Ужра! Адамдар екі түрлі: өз жанын саудалап алып, оны азат етуші және өз жанын сатып, оны құрдымға кетіруші, – деген (Ахмад, Баззар, Насаи, Тирмизи).

Басшылар мен ұлықтардың алдына кірген адамдардың ішінде бұл сипаттан аман қалғаны кемде-кем. Иә, айла қылуға болады. Айла деген қауіп төндіретін адамның зиянынан, жамандығынан сақтану.

Бұл сипатқа қайшы ұғым: жағымпаздану. Жағымпаздану деген істің кем-кетігін түзетуге асықпау және дін ісіне мән бермеу.

материал «Күнделікті діни сауалдарға жауаптар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: