26
Жұма,
Сәуір

һижри

Бауырмалдық әдептері: Бауырын жақсы көретіндігін айту

Бауырмалдық әдептері: Бауырын жақсы көретіндігін айту

Иман келтіру

Мұсылмандар Алла разылығы үшін бір-бірін жақсы көретіндіктерін өзара білдіргендері дұрыс.

Сонда олардың арасындағы өзара құрмет артып, бауырмалдық кең қанат жаяды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мұғаздың (Алла разы болсын) қолынан ұстап: «Уа, Мұғаз! Алланың атымен ант етемін, расында, мен сені жақсы көремін! Уа, Мұғаз! Мен саған әр намаздан кейін: Уа, Алла! Маған Өзіңді есімде ұстауға, Саған шүкіршілік етуге және көркем түрде құлшылық етуге көмектес» деп айтуды өсиет етемін», – деп айтқан (Әбу Дәуіт, Нәсәи).

Сахаба Әнастан (Алла разы болсын) жеткен хадисте: «Бір кісі Пайғамбардың (с.ғ.с) қасында болғанда олардың жанынан бір кісі өтіп кетеді. Сонда әлгі кісі: «Уа, Алланың елшісі! Мен мына адамды жақсы көремін», – дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ол кісіден: «Сен бұл жайын оған жеткіздің бе?» – деп сұрайды. Ол: «Жоқ», – деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Онда оған мұны жеткіз!» – дейді. Ол әлгі адамды қуып жетіп: «Расында, мен сені Алланың разылығы үшін жақсы көремін», – дейді. Сонда ол: «Алла үшін мені жақсы көргенің үшін Алла да сені жақсы көрсін», – деп жауап қатады», – делінген (Әбу Дәуіт).

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: