27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Көп сөйлеуден арылудың жолдары

Көп сөйлеуден арылудың жолдары

Иман келтіру

Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – көп сөйлеу. Көп сөйлеу екі нәрседен шығады.

Басшы болуға деген талаптан туады: білімі мен шешендігін басқалар көруін қалайды. Білімнің аздығынан туады: сөзді созып мыжыңдауды сүйеді. Бұл кемшіліктен арылудың жолы: Әрбір айтқан сөзі үшін есепке тартылатындығын, әрбір сөзінің жазылып жатқандығын және әрбір сөзінен жауапкершілікке тартылатындығын қаперде ұстау. Өйткені Алла Тағала Құран Кәрімде былай деген: «Әйтсе де, қастарыңда сендерді үнемі бақылаушылар бар. Олар – әр сөздерің мен әр істеріңді жазып алушы аса қадірлі, пәк періштелер» («Инфитар» сүресі, 10-11-аяттар).

«Сондай-ақ адам баласының аузынан нендей сөз шықса да, дәл қасында аузын бағып, бірде-бір сөзін қалт жібермей жазып алып тұратын бақылаушы періште бар» («Қаф» сүресі, 18-аят).

Алла елшісі Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с) бұған қатысты бірнеше хадисі бар. «Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін». «Бәле тілден келеді» (Суюти). «Адамдарды өсек-аяң сөздерінен басқа нәрсе үшін жүздерін (немесе танауларын) отқа қаратып тозаққа тастаушы ма еді?!» (Тирмизи)

«Адам баласының аузынан шыққан сөздің барлығы оның пайдасына емес, зарарына. Тек жақсылыққа шақырып немесе жамандықтан тыйғаны немесе Алланы зікір еткені бұған кірмейді» (Тирмизи).

Бұл хадистер Алла Тағаланың мына бір аятынан алынған: «Олардың күңкілдерінің, оңаша бас қосқан құпия жиналыстарының көбінде қайыр жоқ. Алайда мұқтаждарға садақа беруді, жақсылық жасауды және араздасқан адамдардың арасын жарастыруды бұйыратындардың оңаша бас қосып, өзара кеңес құрғанының жөні бөлек» («Ниса» сүресі, 114-аят).

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: