29
Жұма,
Наурыз

һижри

Жалқаулық – тоқтықтан туған мұра

Жалқаулық – тоқтықтан туған мұра

Иман келтіру

Нәпсінің ендігі зор кемшіліктерінің бірі – жалқаулық. Жалқаулық – тоқтықтан туған мұра.

Себебі нәпсі лықия ішіп-жегенде әлденіп, қуат алады. Күш жиып алған соң рахат іздеп, оған да қол жеткізеді. Рахатына қол жеткізгендіктен жүректі жеңеді. (Билігін жүргізуді бастайды.) Бұл кемшіліктен арылудың жолы: Нәпсіні ашықтыру. Нәпсі ашығып қиналған кезде рахатын ала алмайды. Аштыққа ұрынса, нәпсі әлсірейді. Ал күш-қуаты кеміп әлсіресе, жүрек оны жеңіп шығады. Ал жүрек басымдыққа ие болса, нәпсіні ғибадат-құлшылыққа итермелейді. Жалқаулықты кетіреді. Сол себепті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с): «Адам баласы өзінің қарнынан артық жаман ыдысты толтырған емес. Оның белін тіктеп ұстауға бірнеше үзім жеткілікті. Әйтсе де, тамақ жеуге (мәжбүр) болса, қарнының үштен бір бөлігін – тағамға, үштен бір бөлігін – сусынға, соңғы бір бөлігін дем алып, тыныс алуға қалдырсын», – деген (Тирмизи).

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: