26
Жұма,
Сәуір

һижри

Нәпсінің кемшілігі: Құлшылық өтеуде босаңсу

Нәпсінің кемшілігі: Құлшылық өтеуде босаңсу

Иман келтіру

Нәпсі кемшіліктерінің бірі – құлшылықтарын орындауда салғырттыққа салынуы. Бұдан сорақысы – пенденің сол босаңсып кеткендігіне, немқұрайдылығына еш көңіл бөлмеуі.

Ал бұдан бетері – пенденің сол босаңсуы мен немқұрайдылығынан бейхабар болуы. Осы айтылғандардың бәрінен өрескелі – босаңсуы мен салғырттығына қарамастан, пенденің өзін толық, кемел жанмын деп санауы. Бұл сол құлшылықтарды толық өтеп жүрген кезде тауфиқ, мүмкіндік бергенге шүкіршілігінің аз болғандығынан туған. Пенденің шүкірлігі азайған соң пендеден «берекелік» мақамы тартып алынып, «берекетсіздік» мақамы беріледі. Алла Тағала кемшілігін жасырып, абыройын төкпегендіктен, пенде жасаған күнәлі істерін дұрыс көре бастайды. Алла Тағаланың мына аяттарынан осы ақиқатты көруге болады:

«Өзінің теріс істері мен жат қылықтары өзіне (әзәзіл шайтанның азғыруымен) безендіріліп, сәнді болып көрсетілген және сонысын керемет, жақсы іс екен деп қараған кісі (ынта-ықыласымен Алланың жолында жүрген адамдай бола ма?!)» («Фатыр» сүресі, 8-аят)

«Олар өздерін керемет іс тындырып жүргендерміз деп санайды» («Кәһф» сүресі, 104-аят).

«Міне, осылайша, әр үмбетке, әр қауымға өз ісін безендіріп, керемет етіп көрсетеміз» («Әнғам» сүресі, 108-аят).

«Әр топ өз сенімі мен ұстанымын мақтан тұтып, соған мәз болды» («Мүминун» сүресі, 53-аят).

«Оларға сездірмей һәм өздері күтпеген жерден бірте-бірте құрдымға батырамыз» («Ағраф» сүресі, 182-аят).

 

Бұл кемшіліктен арылудың жолы:

1. Әрдайым Аллаға сыйынып жүру.

2. Оны үнемі зікір етіп жүру.

3. Оның кітабы Құран Кәрімді ұдайы оқып жүру.

4. Құранның мағынасын түсінуге талпыну.

5. Мұсылмандардың құқықтарына қол сұқпау. Тиісті құрмет көрсету.

6. Алғашқы дұрыс халіне түсу үшін (мен үшін дұға жасаңызшы деп) Алланың әулие құлдарынан дұға етуін сұрау.

Міне, осы аталғандардың барлығы жүзеге асқан соң Алла Тағала мейірімін төгіп, Өз жолында қызмет етуге, лайықты тағат-құлшылық жасауына мүмкіндік беруі бек мүмкін.

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: