28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Нәпсінің кемшілігі – мақтауға сүйініп, сынға ашулану

Нәпсінің кемшілігі – мақтауға сүйініп, сынға ашулану

Иман келтіру

Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – көңілі толып разы болғанда өзін қуантқан кісіні шектен тыс мақтауы және ашуланғанда көңілінен шықпай қалған кісіні шектен шығып сынап-мінеуі.

Бұл кемшіліктен арылудың жолы: Өзі риза болғанды мақтағанды немесе ызасын келтіргенді сынап-мінеуде шектен шықпау үшін нәпсіні шыншылдыққа және ақиқатты қабылдауға үйрету. Бұл кемшілік көбіне-көп бұйрықтар мен тыйымдарға мән бермеуден туады. Алла Тағала бұл туралы былай дейді: «Өзің нақты білмейтін нәрсенің (мәліметтің) соңынан түспе (яғни, білмегенді білдім, көрмегенді көрдім, естімегенді естідім деп айтпа)! Шындығында, адам баласы құлақ, көз және жүрек сынды дене мүшелерін қалай қолданғандығына қатысты (Алланың құзырында) жауапқа тартылады» («Исра» сүресі, 36-аят). Алла елшісі Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с): «Мақтау айтқыштардың жүзіне топырақ шашыңдар!» – деген (Тирмизи).

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: