20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Өзіне қалағанды бауырына да қалау – иманнан

Өзіне қалағанды бауырына да қалау – иманнан

Иман келтіру

Өзіне қалаған жақсылықты басқа мұсылман бауырына да қалау – бауырмалдықтың басты белгісі.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде: «Өзі үшін жақсы көргенін бауыры үшін де жақсы көрмейінше ешқайсысыларың иман еткен болып саналмайсыңдар», – деп келеді (Бухари, Муслим, Тирмизи, Ахмад). Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл хадисінде мұсылман адам өзіне қалағанды бауырына да қалау керектігін иманмен тікелей байланыстыруынан бұның қаншалықты маңызға ие екендігін байқаймыз. Хадис мәтініндегі «иман еткен болып саналмайсыңдар» деген сөзге келер болсақ, ондай адам имансыз болады деп хадисті тікелей түсінбеуіміз қажет.

Ибн Хиббан хадистің бұл тұсын: «Пенде хақиқи иманға қол жеткізе алмайды», – деп түсіндірген. Мысалы, бір адамның екінші біреуден қатты көңілі қалғанда «пәленше адам емес» деп айтып жатады. Бұлай деу арқылы ол кісі жаман іс істеген әлгі адамның бойындағы адамдық қасиетінің төмен екендігін білдіреді. Хадистің «өзі үшін жақсы көргенін» деген тұсын адам өзі үшін қалаған жақсылықты түсінеміз.

Ибн Мажа, Насаи және т.б. хадис жинақтарында «жақсылық» деген сөздің қосылып айтылған нұсқасы жеткен. Бұл хадис жайында имам Кармани: «Өзіне қаламаған жамандықты бауыры үшін де қаламау – иманнан», – деген. Демек, өзімізге жақсылық қалағанымыз секілді басқа бауырымызға да сол жақсылықты қалауымыз, әрі өзіміз үшін ұнатпаған жамандықты өзге бауырымызға да қаламау имандылығымыздың көрінісі болмақ.

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: