25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Күнәлі істерге қарамау үшін нені білу керек?

Күнәлі істерге қарамау үшін нені білу керек?

Иман келтіру

Күнәлі істерге қарау жүректі қарайтады. Ол шайтан үшін таптырмайтын мүмкіндік.  Әзірет Имам Раббани: «Күнә сырты әдемі нәжіс секілді» деп мысалдаған. Сырты бүтін, іші түтін. Осыны ойлап ұятты суреттерге көз салмау керек.

«Әурет жерін ашқан және оған қараған адамды Алла лағынет етсін» деген хадисті ойлап, лағынетке ұшырамау үшін көзге абай болу керек.

«Бөтен әйелді көргенде, Алладан қорқып, басын одан бұрған адамға Алла Тағала ғибадаттардың дәмін сездіреді», - деген хадисті ойлап, ғибадаттардың дәмін сезіну үшін көзге абай болған жөн.

«Әйелге құмартып қараған адамның көзіне балқыған қорғасын құйылып жәһаннамға тасталады» - деген хадисті еске алып, Алланың (азабынан) ашуынан сақтанған дұрыс.

Біз қараған әйелдер біреудің анасы, әпкесі, қызы немесе әйелі екендігін ойлап, өзіміздің разылық таныта алмайтын істерімізді басқалар үшін де қаламауымыз керек.

Харам көріністерге ерікті түрде қарамау сабырды талап ететіндігін білу керек.

Адам күнәға беттемеуде сабырды алда ұстауы керек. Дереу қарсылық таныту күнәдан келетін жамандықтардың алдын алады. Осы себепті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әзірет Әлиге: «Қайта-қайта қарама. Алғашқы қарағаның ештеңе етпесе де, екінші қарағаның күнә болып жазылады», - деп ескерткен. Яғни, адамның көзі күнәнің алдында шыдай алмай тайып кетуі мүмкін.

Бірақ, дереу көзін жұмып, жүзін тайдырып әкетер болса, ол үшін күнә жазылмайды. Тіпті, қайта көз салмағандығы үшін сауап жазылуы мүмкін. Бірақ екінші және содан кейінгі қараулар улы оқ секілді адамның жүрегі мен рухына қадалады, адамның жиіркенішін тудырады. Адамның еркі әлсіреп, рухани күшін жоғалтады. Өйткені, әрбір күнәға қарау бір жағынан харам жасаудың жолдарын жеңілдете түседі. Сол үшін әрбір қарау екінші қарауды тартады, яғни шақырады. Бұдан былай, ол адам күнәға бет алып, қайта келуі өте қиын бір жолға шығады. Міне, осындай жағдайға душар болмай тұрып, күнәлі көрініске алғаш көз түскен сәтте, сабыр етіп жүзімізді тайдырып әкету Алла елшісінің бізге кеңес еткен құнды насихаттарына жатады.

Эпикеттің «Жаман ой санаңды тұмшалап алса, дереу ол ойлардан алыстауға тырыс. Әйтпесе, ерік-жігеріңді шырмап алған жамандықтан арылу қиынға соғады», - деген сөзі бар. Оның бұл сөзінің терең мәні бар.

Адам баласы харамға осылай қарсылық танытар болса, бұл оның күнделікті әдетіне айналады.

материал «Көзді күнәдан қалай қорғаймыз?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: