24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Дүние – ақыреті жоқтың үйі, малы жоқтың малы

Дүние – ақыреті жоқтың үйі, малы жоқтың малы

Иман келтіру

Пайғамбар (с.а.с.) былай деген:

«Дүние – ақыреті жоқтың үйі, малы жоқтың малы. Оны (шексіз түрде) ақылы жоқ қана жинайды. Оның қызығымен пайымсыз ғана айналысады. Ол үшін білімі жоқ қана біреуді жазалайды. Оны жетесі жоқ қана қызғанады. Оған тек айқын иманы жоқ қана асығады».

Жәбир ибн Абдолла әл-Ансари (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Жебірейілдің маған көрші ақысы туралы көп өсиет айтқаны сонша, мен көршім мұрагерім болатын шығар деп ойладым. Әйелдер туралы көп өсиет еткені сонша, мен әйелдерді талақ етуге болмайтын шығар деп ойладым. Құлдар туралы көп өсиет еткені сонша, олардың бас бостандықтары берілетін күн болатын шығар деп ойладым. Мисуакпен ауыз тазалау туралы көп айтқаны сонша, оны парыз болатын шығар деп ойладым. Жамағат намазы туралы көп өсиет еткені сонша, намаз тек жамағатпен ғана қабыл болатын шығар деп ойладым. Түнгі намаз туралы көп айтқаны сонша, тіпті, түнде ұйықтамау керек шығар деп ойладым. Алланы зікір ету туралы көп айтқаны сонша, одан басқа сөз сөйлемеу керек шығар деп ойладым».

материал «Дұға – құлшылық өзегі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: