29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Нәпсінің кемшілігі: Құлшылық ләззатын жоғалту

Нәпсінің кемшілігі: Құлшылық ләззатын жоғалту

Иман келтіру

Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – құлшылықтың ләззатынан айрылып қалуы.

Бұл олқылық жүректің дертке шалдығуынан және нәпсінің қиянатшылдығынан туындайды.

Бұл кемшіліктен арылудың жолы:

• Адал ризықпен азықтану;
• Әрдайым зікірден қол үзбеу;
• Тақуа, ізгі жандарға қызмет ету;
• Ізгі жандарға жақын болу;
• Жүректегі дерттің қараңғылығынан арылуды әрі жүрегіне есендік (тазаруды) нәсіп етуін Алладан жалбарынып сұрау.

Міне, осы аталғандарды орындау арқылы құлшылықтардың ләззатын қайта сезіне алады.

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: