29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Адамзат бір-бірінен қай жағынан үстем бола алады?

Адамзат бір-бірінен қай жағынан үстем бола алады?

Иман келтіру

Ислам дінінің негізге алатын тек қана бір нәрссесі бар, ол – тақуалық. Тақуалық – шариғат бұйырған әдептерді қаз-қалпында сақтау, тыйым салынған нәрселерден бойды аулақ ұстау.

Бұған қоса, ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) айтқандарына жан-жүрекпен бойұсынып, Алланың алдындағы жауапкершілікті сезіну. Адамдарды жақсы тәлім-тәрбиесі, мінез-құлықтарындағы көркемдіктер мен рухани кәмілдікке жетулерінің баршасы тақуалық аясында жүзеге асады.

Міне, әртүрлі нәсілдердің, ұлттар мен ұлыстардың бір-бірінен үстем болуы, тек қана тақуалық жағынан болады. «Уа, адамдар! Біз сендерді бір ер және бір әйелден жараттық» деген аяттың түсу себебі де осыған байланысты.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің сахабаларымен бірге қасиетті Меккені мүшріктерден азат еткен күні әйгілі сахаба Біләл әл-Хашаби Қағбаның үстіне шығып құлақ құрышын қандыра азан шақыра бастайды. Мұны көріп тұрған Аттаб ибн Әсәд деген бір кісі: «Құдайға шүкір, әкем дер кезінде дүние салған екен. Бұл сәттерді көрмегені жақсы болды», - деп Біләлдің азан айтқанын жақтырмай қалады. Харис ибн Хишам да мұны қостап: «Пайғамбар азан айтуға бұдан басқа ешкімді таппағаны ма?» деп кейістік білдіреді.  

Бұлардың барлығы да әзірет Біләлдің қара нәсілді екенін ишаралап тұрған еді. Олар Біләлдің тәніндегі қаралықты көргенмен, жүрегіндегі жарқырап тұрған нұрды байқай алмады. Осы оқиғадан соң жоғарыдағы аят түсті.

Демек, адамдардың бір-бірінен үстем болулары діндарлығы, тақуалықтары жағынан ғана, ал нәсіл, ұлт-ұлыс, түр-түс өзара мақтанысып, бір-біріне үстемдік көрсетуге тұрмайтын нәрселер. Осы аят түсті де, барша адамзатқа тең құқылы екендіктерін ескертті. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бір хадисінде: әБіліп қойыңдар, Раббыларың бір, әке-шешелерің де бір. Араб еместің арабтан яки арабтың араб еместен ешқандай артықшылығы жоқ. Ақ түсті адамның қара нәсілдіден немесе қара нәсілдінің ақ адамнан еш айырмашылығы жоқ, бірінен-бірі артық емес. Артықшылығы тек қана тақуалық жағынан ғана», - деген.

материал «Сүреден сүзілген маржан» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: