29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Сен жолға шық, жол өзі апарады»

«Сен жолға шық, жол өзі апарады»

Иман келтіру

Ғұлама Мәулананың 21 ережесіне сүйеніп жазылған қанатты ойлар:

1. Іздегенмен табылмас, бірақ тапқандар үнемі іздегендер.

2. Әр нәрсе уақытын күтеді. Не гүл уақытынан бұрын гүл ашпайды, не күн уақытынан бұрын шықпайды.

Кішкене сабыр ет, сенікі болған саған келеді.

3. Егер Құдай бұйыртып тұрса ел әкелер, жел әкелер, сел әкелер. Егер Құдай бұйыртпаса ел әкетер, жел әкетер, сел әкетер!

4. Есіңде болсын, бәрі бітті деп ойлап, сенің төзетін хәлің қалмағанда бас тартушы болма. Өйткені бұл сенің тағдырыңның өзгеретін жері.

5. Сенім арту сүйе білуден де маңызды. Өйткені сүйіспеншілік бар жерде сенім бар, бірақ сенім жоқ жерде сүю жетпейді.

6. Өскіннің әдемілігі тұқымның жақсы болуынан, адамның сұлулығы жүректің жақсылығынан келеді.

7. Сабыр деген сондай арқан, үзіледі деп ойлайсың ол күшейеді, бітеді деп ойлайсың, одан сайын нығаяды.

8. Әр оқиғаны қайырлысы деп біл, әр жолаушыны Қыдыр деп біл, әр түнді Қадыр түні деп біл.

9. Құрғақ дұғаны таста, ағашты қалаған тұқым егеді.

10. Кешегі болғанның бәрі кешегі күнге қалады. Бүгін біз жаңа нәрсе айтуымыз керек.

11. Ренжіту мен тарылу үшін сылтау іздеудің орнына, сүюдің және сүйікті болудың жолдарын іздеңіз.

12. Сен жолға шық, жол саған көрінер.

13. Жүзіңнен ай шықпаса, терезеңе күн соқпаса күннен де, айдан да іздеме. Көзіңнен пердені аш.

14. Өкпе жел сияқты, біраз уақыттан соң басылады, бірақ көп тал сынып қалады.

15. Ертең жасаймын деме, бүгін де кешенің ертеңі.

16. Бір сәт күт, соңына қара ұмытқандарыңды еске ал, жоғалтсаң ізде, сындырсаң, кешірім сұра, өйткені өмір қысқа.

17. Бір тілде сөйлегендер емес, бір сезімді бөліскендер түсінісер.

18. Егер сіз күлге оралған болсаңыз, қайтадан раушан гүліне айналуды күтіңіз және өткенде қанша рет күлге айналғаныңызды емес, жаңа раушанға айналу үшін күлден қанша рет көтерілгеніңізді есте сақтаңыз.

19. Раушан гүлді ойласаң, гүлістан боласың, тікенді ойласаң, тікен боласың.

20. Адамдар да кітап секілді мұқабасына қарап алданба, шындығын ішін оқығанда түсінесің.

21. Нені іздесең, сол сенсің.

материал Хакан Менгүчтің «Жолға шық, жол саған көрінеді» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: