09
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Күнә жасап қойған болсаң, өзіңе былай деп айт

Күнә жасап қойған болсаң, өзіңе былай деп айт

Иман келтіру

«Шынында, жақсылықтар жамандықтарды жояды» ("Һуд", 114).

Күнә жасап қойған болсаң, өзіңе былай де: «Ешқашан үмітіңді үзбе. Мен бұл шайқаста жеңілсем де, соғыста жеңілмедім». Дәрет алып, екі рәкәғат намаз оқу арқылы тәубе ет! Күнә жасаған қолдарыңа кешірім тіле! Харамға қараған көзіңмен Құран оқы! Тәубе етушілердің көз жасы бойсұнушылардың құлшылығымен тең. Өзін Ғафур (кешірімді) деп атаған Алла сенің қайтып келуіңді, өзіне оралғаныңды қалайды.

«Мен күйзелісімді де, күйінішімді де Аллаға ғана шағамын» ("Юсуф", 86).

Адамға шағымдансаң, аяушылықпен қарайды. Аллаға шағымдансаң, мейірімділікпен қарайды. Әлсіз өзі сияқты әлсізге шағымданбайды, ал барлық адам әлсіз. Пақыр өзі сияқты пақырға шағымданбайды, ал барлық адам – пақыр. Әлсіз күштіге жүгінеді. Алладан асқан күшті ешкім жоқ. Пақыр байға жүгінеді, Алладан асқан бай ешкім жоқ. Алланың алдында толықтай әлсіздігіңді көрсет: шағымдан, жыла, сұра... Ал адамның алдында өз-өзіңді жина да, басыңды көтеріп жүр. Себебі адамның көзіндегі аяушылық – әлсіздік, адамға сүйену – ақсақтық.

 

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: