«Олардың жүректерін бекемдедік...» ("Кәһф", 14).
Жүректер ауытқиды, бірақ Алла – оған бекемдік беруші! Жүрегіңде қанша иман болса да, бекемдік сұрауды тоқтатпа. Бұл Пайғамбарымыздың ең көп жасайтын дұғасы еді: «Ей, жүректерді (күпірліктен иманға, иманнан күпірлікке) ауытқытушы! Жүрегімді Сенің дініңде бекем ет!».
Ол үмметтің соңғы пайғамбары әрі жаратылыстың ең абзалы болса да, осылай дұға жасайтын. Егер Алла құлдарының жүректерін қуаттамағанда, шайтан олармен ойнайтын еді. Үңгір иелерінен болған жастар бүкіл қаланың тұрғындары пұттарға табынса да, ақиқат дінді ұстанды! Алла олардың жүректерін бір-біріне байлап, бекем етіп қойғасын, оларға бәрі оңай болды! Алла Тағала біздің жүрегімізге әрқашан бекемдік пен қуат берсін!
материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,
ummet.kz