05
Бейсенбі,
Ақпан

һижри

Басқаның қателігін білген мұсылман оны жасыруы керек пе?

Басқаның қателігін білген мұсылман оны жасыруы керек пе?

Иман келтіру

Басқаның қателігін білген мұсылман ол туралы жұртқа жариялауы керек пе әлде оны жасыруы керек пе?

Бұл қателікті жіберген адамның қандай адам екеніне қарай, олар екі топқа бөлінеді:

а) Бұрын ешқандай жаман аты шықпаған адам. Мұнда бұған дейін ешқандай қателіктері байқалмаған адам туралы айтылған. Егер осындай адам қателессе немесе кемшілік жіберсе, оны жасыру керек және оның не істегенін іздестіруге де, жария етуге де қатаң тыйым салынады. Өйткені бұлай ету харам етілген ғайбат және жиіркенішті іске жол беру болып табылады. Алла Тағала: «Расында, сондай мүміндердің арасында арсыздықтың жайылуын жақсы көргендерге: дүние-ақыретте күйзелтуші азап бар. Алла біледі, сендер білмейсіңдер», – деген («Нұр» сүресі, 19-аят).

Ғұламалар «Мүміндер туралы арсыздықтың таралуы» дегенді «Олар тарапынан жіберілген кемшіліктер немесе істемеген істі істеді деп айыптау туралы мағлұматтардың жариялануы», – деп түсіндірген. Алайда бұл оларға уағыз айтуға, оң істерге шақыруға немесе теріс қылықтардан қайтаруға және оларды туралықты ұстанып, шариғат үкімдерін бұзудан аулақ жүруге бағыттауға болмайды деген мағынада емес, керісінше, осының бәрінің орындалуы талап етіледі, өйткені мұның бәрі мұсылмандардың ара-қатынасындағы міндеттеріне кіреді.

ә) Адамдар арасында күнәкарлығымен белгілі болғандар. Бұлар өзінің не істеп жүргенін де, өзі туралы басқалар не айтып жүргенін де ойламайтын адамдар. Олар анық арсыз адамдар, олар жайлы жұртты сақтандыру ғайбатқа жатқызылған әрі тыйымға саналмайды. Ондай адамдардың кім екендігі туралы басқаларға ескерту қажет, кей кездерде мұндай адамнан келетін зарардың алдын-алу үшін ол туралы айту, тіпті міндетті болып табылады. Егер ондай адамдардың арсыздығы шектен шыға бастаса, ал ескертулер оны арсыздықтан қайтара алмаса, оны арсыздық істері үшін шариғат заңдары бойынша жазалау ниетімен өкімет орындарының қарауына тапсыру керек. Өйткені бұзақы адамдардың ісін жасыру оның және оған ұқсағандардың қатерлі де сорақы істер жасауына және бүкіл қоғамға зұлымдық жеткізіп, жер бетінде арсыздықтың жайылуына мүмкіндік береді. Демек, мұндай адамдарды қорғауға, жасыруға болмайды. Оларды іздеп тауып, Ислам қоғамындағы бүлікті түбірімен жою үшін ізіне түсіп, аңду керек. Бұған дәлел – Пайғамбардың (с.а.с.): «Ей, Унайс! Ол әйелге бар, егер мойындаса, оны тасборан қыл» (Әл-Бұхари, Муслим), – деген сөзі.

Бұл біреуінің баласы екіншісінің әйелімен ойнастық жасаған екі адамның Пайғамбарға (с.а.с.) жүгінуге келгендегі тапқан шешімдері болатын.

 

материал «Әл-Уафи» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: