10
Сейсенбі,
Ақпан

һижри

Біреу менің ақымды жеп қойды, не істеймін?

Біреу менің ақымды жеп қойды, не істеймін?

Иман келтіру

Өзге адамның ар-намысын төгу, ғайбаттау, жала жабу сияқты істер де оның ақысына кіру деп танылады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Нұр» сүресі, 23-аятында:

«Расында абыройлы, ары мен көңілі таза мүмин әйелдерге жала жапқандар бұл дүниеде де, ақыретте де (Алланың рақымынан алыстап) лағынеттеледі. Әрі олар үшін үлкен азап бар», – деп айтқан.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылманның қаны, дүние-мүлкі және ар-намысы өзге мұсылмандарға – харам», – деген (имам Бұхари).

Сондықтан да адамның осындай жеке басына қатысты сөз айтуға, ар-намысын төгуге, өсектеуге, сыртынан сөз тасуға, мазақ етуге болмайды. Ғалымдарымыздан: «Мұсылманның абыройын төгу қасиетті Қағбаны қиратудан да жаман», – деген сөз қалған. Аллаға иман келтірген кісі өзгенің ар-намысына қорған болып, оны жамандауға, ғайбаттауға жол бермейді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бауырының ар-намысын қорғаса, Алла да қиямет күні оның жүзін тозақ отынан қорғайды», – деген (имам Тирмизи).

Ибн Дәқиқ әл-Ғид (Алла оны рақымына алсын): «Мұсылманның ар-намысы тозақ шұңқырларының бір шұңқыры», – деп, өзгенің ар-намысына тиюдің, абыройын төгудің жазасы қаншалықты ауыр болатындығын білдірген.

Ақысы желінген адамға пәтуа беру әдебіне келсек, мысалы адам муфтиге барып: «Пәленше менің ақымды жеп қойды, не істеймін?» – деп айтқан жағдайда нақты есімін айтуға болады, бірақ әдептірек жолы – ишарамен жеткізу («біреу маған осылай жасады» деу). Дәлел – Хинд анамыздың: «Әбу Суфьян – өте сараң адам» дегені, ал Пайғамбар (с.ғ.с) оны жоққа шығармаған.

материал «Он бәленің тоғызы тілден» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: