«Уа, мүміндер! Бәрің бір ауыздан Аллаға тәубе етіңдер! Сонда ғана мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер» ("Нұр", 31).
Ғалымдарымыз былай дейді: «Құлдың ең хайырлы күндері – Аллаға тәубе еткен күндері». Егер құл тәубе етсе, періштелер «Пәленше Раббысымен достасты» деп айтады. Достар бір-бірімен жанжалдасып қалса, бірбірінің көңілін тауып, татуласады. Алайда Алла разылығын іздеуге лайықтырақ емес пе?
Егер жүрегіңдегі Аллаға деген махаббатты кетіретін бір амалды жасасаң, бұл өмірдегі сүйіктіңнің көңілін іздегендей Алланың разылығын ізде. Оның разылығын кейде садақа берумен ізде, кейде кешірім тілеумен, намазбен, Құран оқумен ізде!
Егер адамның көңілін табуға тырыссаң, өзі-ақ разы болады емес пе? Ендеше ең мейірімді, ең рахымды Алла қандай болмақ?
материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,
ummet.kz