30
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Нәпсі мұтмайннәға дейінгі жасалған құлшылықтар шынайы емес

Нәпсі мұтмайннәға дейінгі жасалған құлшылықтар шынайы емес

Иман келтіру

Алла  Тағаланың әмірлеріне бағынып, тыйым салғандарынан сақтану арқылы рухани аурулардан сауыққан, шынайы иманмен тыныштық, шаттық және қанағатқа жеткен нәпсіні «мұтмайннә нәпсі» деп атайды. Жүрек Алланы зікір етудің берекетімен шүбәлар мен күмәндардан арылып, әр сәт шүкіршілік пен мадақ халінде болады.

Бұл мәртебеде жаман және жағымсыз қасиеттердің орнын тамаша ахлақ басады. Мінез-құлықтың шыңына шығып, барлық адамзатқа үлгі болған Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жоғары ахлағы, айтып жеткізгіс ынтамен қолданыста болады. Құлдың жүрегі, сабыр, тәуекел, мойынсұну мен ризашылыққа толады. Демек, мұтмайннә осындай Алланы таныған, тақуалық пен жоғары мәртебе иесінің нәпсісі. Мұндай адамдардың көңілі үнемі Хақты зікір етумен болады да шариғат үкімдерінің ішкі сырын меңгерген күйде ғұмыр кешеді.

Имам Раббани Хазірет: «Нәпсі мұтмайннәға дейінгі жасалған құлшылықтар шынайы емес, еліктеушілік. Нәпсі мұтмайннә нәпсісінде бұлар еліктеушіліктен шынайылыққа айналады» - деген.

Құлшылықта шынайылыққа жету шариғат, тариқат, ақиқат және мағрифат сатыларындағы «ақиқат мәртебесіне» жету деген сөз. Бұл кемелдікке жеткенде, жауапкершілік түсінігіне де өте сақтықпен қарайтын болады. Мысалы, шариғатта балиғатқа толмағандар діннің үкімдеріне жауапты емес. Жауапкершілік тек қана ақылы толған әрі балиғатқа жеткендерге тән.

Сол сияқты, тасаввуфи жолдардың біреуіне түскен сәлик сәйрү сүлукін тамамдағанша, бейкүнә бала сияқты саналып, тариқаттың әдебінде істеген кемшіліктеріне кешіріммен қаралады. Өйткені, тариқатта сәлик тек тәрбиелену сатысынан өткен соң ғана «рүшдке» (ақыл-есі дұрыс, балиғатқатолған) жеткен болып саналады. Енді шариғат сияқты тариқат әдебіндегі кемшіліктерінен де жауапты болады. Бірақ, «ақиқат» туралы кемшіліктер үшін әлі жауапты болып саналмайды. Бұл жағынан мұтмайннә мәртебесіне жеткенде барып жауапкер болады. Өйткені, құл мұтмайннә дәрежесіне жеткенде «ақиқат» жағынан да сол дәрежеге жеткен болып саналады. Сол себепті, шариғатта мүбах болған кейбір нәрселер, тариқатта кішкене күнә түрінде қабылданады. Тариқатта кішкене күнә деп қабылданған нәрселер ақиқат пен мағрифатта үлкен күнә болып саналады.

Мысалы, шариғатта тойғаннан кейін жеу - ысырап. Тариқатта тойғанға дейін жеу - ысырап. Ақиқатта болса, жетерліктей мөлшердегісін Алла құзырында болғандығын ұмытып жеу - ысырап. Ал, мағрифатта болса осылармен қатар нығметтегі иләһи көріністі көрмей жеу - ысырап. Өйткені, Алла Тағала әрбір нәрседе Өзінің бар екендігіне тән бір ишарат қойған. Басқа, барлық нәрселерде де жағдай осы сияқты.

Міне, нәпсі мұтмайннә Алла Тағаланың тауфиғымен ақиқатқа, сәкинетке және яқинға қауышып, уайым-қайғыдан құтылып, көрегендік пен аянға қол жеткізеді.

Бұл мәртебеде жүректегі ғапылдықтың перделері ашылады. Көңіл арғы ақиқаттарға айнал яқин мәртебесінде қарайды. Яғни жүрек күмән мен шүбәлардан арылып, шынайымойынсұнушылықпен, толық қанағатпен шаттыққа бөленеді.

Бұл халге жеткен құл діни міндеттерді сырттай, әрі іштей күмәнсіз қабылдап, тамаша түрде орындайды. Сонымен қатар бұл қабылдау мен сенімнің мықтылығы соншалық, бүкіл әлембірігіп, сеніміне қайшы, теріс нәрсе айтса, оған ешқандай күмән сала алмайды. Өйткені, ол рухани және материалдық әлемді ақиқат терезесінен тамашалайды.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: