30
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

«Адамдар кедейліктен қорқумен кедейлікте»

«Адамдар кедейліктен қорқумен кедейлікте»

Иман келтіру

Әбу шейх ұлық имам Шамсиаддин әл-Халауани (р.а.) кедей кісі болатын. Ол тәтті тағамдар сататын және тәттісінен фақиһтарға беріп: «Балама дұға етіңіздер», – деуші еді. Оның жомарттығының берекеті, сенімі және мінәжатымен баласы да сол мәртебеге жеткен.

Білім іздеуші мал-дүниесіне кітаптар сатып алсын. Және кітап жаздырсын, бұл білім алуға және фиқһ үйренуге көмек болады.

Мұхаммад ибн Хасанның (р.а.) мал-дүниесі көп болатын. Тіпті, мал-дүниесіне қараушы үш жүз сенімді өкілі болған. Ол барлық дүниесін білім мен фиқһқа жұмсаған. Тіпті, өзіне бірде-бір бағалы киім қалдырмайды. Оны ескі киімде көрген Әбу Юсуф (р.а.) қымбат бір киім жібереді. Мұхаммед (р.а.) киімді қабыл алмай: «Сендерге ертерек берілді, бізге кейінірек беріледі», – деген екен.

Оның сыйлықты қабылдамауының бірден-бір себебі, һадияны қабылдау сүннет болса-дағы, бұл әрекет оны қор етіп көрсетеді деп білуінде болар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мүмін өзін қор еткізіп қоймауы керек», – деген.

Шейх Фахраддин әл-Арсабинди (р.а.) тасталған қауынның қабықтарын жинап, оларды жуып жейді. Мұны бір күң көріп, иесіне айтады. Ол кісі дастархан жайып ғалымды қонаққа шақырады. Ғалым қабыл етпейді.

Білім іздеуші де үлкен мақсатты болуы және ешкімнің мал-дүниесінен дәмесі болмауы тиіс. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Дәметуден сақ бол, ол келіп тұрған кедейлік», – деген. Яғни, адам келешектегі кедейліктен қауіптеніп дәмете бастайды. Ал, шындығында дәметудің өзі кедейлік.

Білім іздеуші өзіндегі мал-дүниеге сараңдық етпесін.  Оны өзіне және басқаға жұмсасын.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамдар кедейліктен қорқумен кедейлікте» (бұл дана сөзді хазірет Әли (р.а.) жеткізген), – дейді. Адамдар әуелгі кезде кісілердің дүниесінен дәметпеу үшін бірінші кәсіп үйреніп, сосын білім алатын болған. «Кімде-кім өзгенің дүниесімен шектелсе, кедей болады», – делінеді бір даналық сөзде.

Ғалым аса дәметуші болса, ол үшін білімнің қадірі қалмайды. Сосын ақиқатты айтпайтын болады. Сондықтан шариғат иесі (с.ғ.с.): «Алла Тағалаға қорлыққа жақындататын дәметушіліктен сыйынамын», – деуші еді.

Мүмін тек Алла Тағаладан үміт етуі және тек Алла Тағаладан қорқуы керек. Бұл шариғат шеңберінен аттап өту немесе өтпеудің көрінісі.

 

материал  «Тәлімгер тағылымы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: