30
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

«Ешкімге мұрныңды шүйірме...» («Лұқман», 18)

«Ешкімге мұрныңды шүйірме...» («Лұқман», 18)

Иман келтіру

«Ешкімге мұрныңды шүйірме...» («Лұқман», 18).

Яхия ибн Мағин былай дейді: «Мен Ахмад ибн Ханбал сияқты ешкімді көрмедім. Елу жыл бойы дос болдық. Істеген жақсылықтарын айтып, біздің алдымызда мақтанбайтын еді.

Ол кісі: «Біз бейшара міскін болған қауымбыз. Кішіпейіл бол. Сені тәкаппар қылған дүние – пақырлық. Сені мақтаншақ қылған ілім – надандық. Сені залым қылған мансап – құлдырау. Сені қатігез қылған күш – әлсіздік», – деп айтатын».

Шынайы білім мен байлықты тек кішіпейіл адамдардан ғана көре аласың...

«Жер бетінде кердеңдеп жүрме! Шүбәсіз, Алла кеуде керіп, менменсіген мақтаншақтардың ешбірін ұнатпайды» («Лұқман», 18).

Имам Ахмад бір күні базарға барып, көп мөлшерде отын сатып алады. Адамдар оны көрген кезде барлығы шаруаларын тастап, Имам Ахмадқа отынын көтерісуге талпынады. Содан Имам Ахмадтың беті қызарып, жылап жібереді де, былай дейді: «Алла біздің күнәларымызды жасырмағанда масқарамыз шығатын бейшарамыз».

Ахмад Ибн Ханбал мұндай кішіпейілділікті Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) үйренген еді. Пайғамбарымыз қойды да өзі сауатын, аяқ киімін де өзі тігетін, киімін де өзі жамайтын. Тіпті Айша (р.а) анамызбен жүгіріп жарысатын. Сафия анамыз жылаған кезде көз жасын сүртетін. Сахабалар қой соятын кезде өзара жұмыс бөліп алатын. Біреуі: «Қойды мен бауыздаймын», – десе,басқасы: «терісін мен сыламын», – дейтін. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Онда мен отын жинаймын», – дейтін еді...

 

материал Аслан Орақбайдың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: