«Сондай-ақ, олар істегендерін дайын түрде табады» («Кәһф», 89)
Амал кітабың – өз егінің, оған жақсылықтан басқа ешнәрсе екпе. Сен – өзің басып өткен жолдардың егінісің.
Сен кешкен ойлар, қабылдаған сенімдер, қыстырмаланған пікірлер, көзіңнен сүрткен жастар және бастан өткізген қайғылар, таратқан зекет пен садақаларың, берген кепілдігің, пана болғаның, бір істі халал, бір істі харам еткенің…
Сен – ертең оқитын кітабыңның авторысың, сондықтан жаман автор болудан сақтан!
«Бірақ кім Аллаға нағыз жүрекпен келсе ғана (пайда береді)» («Шұғара», 89)
Бұл дүние – саяхат, ал жүрек – сөмке! Жолда жинаған нәрселеріңді арқалап келесің, сондықтан Алланың құзырына кіруге лайықты нәрселерден басқа ешнәрсе алып жүрме. Жүрегің таухидке толып, оның әрбір ұяшығы Алланың бар екеніне сеніп кірсін.
Ол – әр-Раззақ – ризық, тамақ беруші, ән-Нафиғ – пайда беруші, әш-Шафиғ – шипа беруші, әл-Уаһһаб – өте жомарт, береген, әл-Мухи – тірілтуші, Әл-Мумит – өлтіруші!
Пайғамбардың өсиетіне иман келтіріп, өзімізге жақсылық қалағанымыз секілді басқа бауырымызға да сол жақсылықты қалауымыз әрі өзіміз үшін ұнатпаған жамандықты өзге бауырымызға да қаламауымыз – шарт. Жүрегіңнен зұлымдықты, өшпенділікті, кекті алып тастап кір. Өйткені олар – ластық!
Жәннат тұрғындарынан бір кісінің ораза мен намазы көп болмаса да, барлық адамдарға жақсылық тілегені үшін кіргенін есте сақта!
материал Аслан Орақбайдың «114» кітабынан алынды,
ummet.kz