"Адамдарға көкжиекте және ішкі жан дүниелерінде аяттарымызды (құдіретімізді) көрсетеміз, сөйтіп, оның (Құранның) ақиқат екендігі әбден білінсін. Раббыңның барлық нәрсеге куә болуы жетпей ме?" («Фуссиләт» сүресі 53-аят).
Пән ғылымдары яғни лабораториялық зерттеулермен дәлелденетін ілімдер бастапқыда тасаввуфпен байланысы жоқ сияқты көрінгенімен, шындығында олай емес. Жаратылыс пен оқиғалардың пайда болу хикметі мен мәніне байланысты мақсатта қолданылатын әрбір ілім жолы ақыры метафизикалық бір жерге жетеді. Бұл - пән ғылымдары мен тасаууфтың табысатын жері. Өйткені, тасаууф әлемдегі барлық жаратылыстардың сырлары мен хикметтерін, яғни метафизикалық жағын жалпылама зерттеп, талдап белгілейді.
Адамды Алла және одан басқа істер жайында дұрыс, ауқымдықанағаттандыратындай дәрежедегі ілімге - ақиқат іліміне жетелейді.
Пән ғылымдары материалдық әлемді, яғни табиғи заттарды зерттейді. Бұл ғылымдардың жаратылыстардан көрген ақиқаттары, оларға Алла тарапынан берілген ерекшеліктер болып табылады. Олай болса, материалдық әлемдегі жетістік Жаратушының құдіреті мен ұлылығына дәлел ретінде ортаға шығады. Сондықтан пән ғылымдарының адамдардың бейне бір иләһи өнер туындыларына қол жеткізуіне көмектесетіндігін айтуға болады. Екіншіден, Ислам материялдық заттардың өзін метафизикалық жағымен бірге қолға алып, бағалайтыны сонша қазіргі таңдағы пән ғылымдары да осы ғылыми түсінікпен қарастыруда. Өйткені, материалдық әлемдегі жетістіктер жаңа тылсымдарға жол ашып, адам ойын шексіздікке жетелейді. Материалдық әлемнің түсініктері арқылы жүргізілетін осы істер ақырында метафизикалық оқиғаларға апаруда.
Әсіресе, қазіргі кезде бұл ғылымдардың ақылды таң қалдырарлық дәрежеге жетуі нәтижесінде физикалық шындықтардың метафизикамен бетпе-бет келуіне себеп болуда. Сол себепті, ақиқатты тек қана материядан іздейтін материалистік көзқарастар өз құндылығынан айырылып отыр. Мәселен, өткен ғасыр пірлерінің бірі Лавойзердың заңы күйреп, пәлсапа мен дін арасындағы негізгі қайшылық «материяның алғашқы жаратылуы» көзқарасы қолданыстан алынды.
Керісінше, материяның алғашқы емес, кейіннен жаратылған екендігі атомның бөлінуімен дәлелденіп, осылайша, материя - энергияның белгілі қалыпта қамалуы екендігі жарыққа шықты. Сонымен қатар, әсіресе физика, химия, биология, астрономия ғылымдарындағы жаңа табыстары діннің негізі Құран Кәрімнің қасиетті мағынасын қуаттайтын көптеген жаңа дәлелдердің жарыққа шығуына себеп болды. Адамның генетикасы жөніндегі кейбір жетістіктер әр адамның түріне тән бір коды бар екендігін ортаға қойған. Осы және осы сияқты жетістіктер иләһи өнердің заманымыздағы ақыл жетпес жарқын мысалдары. Сол себепті XIX - ғасырда Зия Паша: Субханә мән тахайяра фи сүниһил-ұқул, Субханә мән би-құдрәтиһи уәжізүл-фүхул.
«Өнерімен ақылды таң қалдырған, құдіретімен ең үлкенғалымдарды да таңдандырған Алла Тағалаға мадақ» - деген мәндегіхикметті жолдарын жазған. Өйткені, мұсылмандар иләһи өнер ғажайыптары алдындағы әлсіздікті бұрыннан бері білетін. Тіпті, осы пән жетістіктерінің қияметке дейін, мұғжиза дәрежесіне жақындай алатындығы мұсылмандарға құпия емес.
Алайда, әрбір жаңа табыстар, адамның әлсіздігі мен иләһи өнердің ұлылығын және ондағы шексіз хикметтерді мойындау бағытында ұждандық қажеттіліктерді тудыруда. Бұл жайлы Зия Паша тағы: Мына кішкентай ақылға бұның бәрін түсіну керек емес. Өйткені, бұл таразы осыншама ауырлықты тарта алмайды, - деп, адамның әлсіздігін өте тамаша жеткізген.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz