«Мустахаб» деп шариғат орындалуын оң көрген сүннәт амалын айтады. Мысалы, нәфіл намаз оқу, нәфіл ораза ұстау.
Мустахабтың үкімі: істеген сауапқа ие болады. Мустахаб-ты істемеген күнәһар да, жазалы да болмайды.
Ораза мәселесіне келер болсақ, оразаның мустахабына мына амалдар жатады:
1. Күн батқаннан кейін ауыз ашуға асығу. Жаратушы Ие ауыз ашуға асығудың артықшылығына қатысты: «Менің ең жақсы көретін құлдарым – ауыз ашуға асыққандары»,-десе, Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Ауыз ашуды кешiктiрмеумен адамдардың амандыққа кенелуi жалға-сады»,-деген.