29
Жұма,
Наурыз

һижри

29. «Мешіт» сөзінің мағынасы

Ораза

«Жамағат» ұғымы мешітпен тікелей байланысты болу себе-бінен «мешіт» сөзінің мағынасы мен мешітке барудың мәнісін түсінген жөн.

Қазақ тіліндегі «мешіт» сөзі араб тіліндегі «مَسْجِدٌ» (мәсжид) сөзінен туындаған. «Мәсжид» сөзі «سَجَدَ» (сәжәдә)[1] сөзінен туындап, «бас иіп сәжде ететін жер», «құлшылық қылатын орын» деген мағынаны білдіреді.

 

Алла Тағала мешіттің маңыздылығына қатысты: «Ақиқатында мешіттер Аллаһтікі. Ендеше мешіттерде Алла Тағаладан өзгеден тілемеңдер»,-деген.[2]

Демек, мешітжалғыз Хақ Тағалаға құлшылық ететін орын.Сондықтан да мұсылман адамның мешітте: «Уа, Тәңірім! Дұғамды қабыл ете гөр»,-деп тұрып, қосымша: «Әруақ жебеп, қолдай гөр!»,-дегені жараспайды. Себебі, мұсылманның дұғасын қабыл етіп, ісін оңынан ететін жалғыз Алла Тағала!

Адамдар мешіттен басқа жерде жамағатпен намаз оқып, жамағат сауабын алғанымен, мешіттің сауабын ала алмайды.

Мешітке келген адам табалдырықты оң аяғымен аттап кірген сәтте мына дұғаны оқиды:

(Я, Тәңірім! Маған рахметіңнің есігін аша гөр!)[3]

Мешіттен сол аяғымен шығып мына дұғаны оқиды:

 (Я, Тәңірім! Мені шайтаннан сақта!)[4]

Мешітке кіргеннен кейін «әт-тәһиййятүл-мәсжид» (мешіт сәлемі) намазын оқу мустахаб.[5]

Мешіттің ішінде әдеп сақталуға тиіс. Дауысты көтеріп сөйлеуге, жаман сөз айтуға болмайды. Өйткені, мешіт Аллаһтың үйі. Осы себептен мешітте түрлі намаз, дұға, діни кітап оқыса болады. Жамағат болып дін, шариғат мәселерінен пікір алысса тіпті жақсы. Бұл мустахаб амалдарының султаны.

Мешітке келіп дүние ісін істеу, мағынасыз дүние сөзін сөйлеу – мәкрүһ.

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 

 



[1] сәжде ету, бас ию, құлшылық ету.

[2]«Жин» сүресі, 18 аят.

[3]«Сунәну Әби Дауд».

[4]Бұл да сонда.

[5]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

Бөлісу: