«Әбу Һурайра (родиял-лаһу ъанһу) айтады: «Мен Расулуллаһтың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) былай дегенін естідім: «Жаратқан Ие: «Адам баласының барлық амалы өзі үшін. Тек ораза Мен үшін.[1] Мен оразаның есесін беремін»,-дейді.[2]
Оразаның парыздығы
«Бiрде Расулуллаһқа (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) Нәждтан[1] шашы ұйпалақтанған адам келдi. Бiз оның көтерiңкi дауысын естiгенiмен, не деп жатқанын түсiне алмадық. Оған жақындай келе ол Ислам жайында[2] сұрап тұрғанын түсiндiк. Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Күнiне бес уақыт намаз оқу–парыз»,-дегенде,[3] ол: «Бұл айтылғаннан тыс оқуға мiндеттi намаз бар ма?»,-деп сұрады.
- Жоқ. Тек қаласаң осыған қасымша ретiнде нәфiл[4] намаз оқысаң болады. Рамазан айында ораза ұстау – парыз.
6. Рамазанның ерекшелігі
Сұрақ: Рамазанның қандай ерекшеліктер тән?
Жауап: Рамазан – айлардың сұлтаны. Бұл – қасиетті Құран Кәрім түскен ай.
Рамазан айындағы ораза – Ислам негіздерінің бірі.
Рамазандағы құлшылық пендені Жаратушы Иенің ерекше рахметіне лайық етеді.
5. Рамазан айындағы оразаның тарихы
Сұрақ: Рамазан оразасы қашан парыз болды?
Жауап: Рамазан Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Меккеден Мадинаға һижрат еткеннен кейін һижри екінші жылы, шағбан айының бірінші дүйсенбісінде парыз болды. Бұл маңызды оқиғаның болуы миләди жыл санағымен 623 жылдың 7 ақпанына сәйкес келеді.
4. «Рамазан» сөзінің этимологиясы
Сұрақ: «Рамазан» сөзінің этимологиясы қандай?
Жауап: Рамазан – ай күнтізбесіндегі тоғызыншы ай.
«Рамазан» сөзінің өзі «аптап», «ыстық» мағынасын білдіретін «рамз» түбірінен шыққан.
3. Оразаның пайдасы
Сұрақ: Оразаның адам ағзасына пайдасы бар ма?
Жауап: Әлдебіреулер ораза тұту амалын адам денсаулығына кері ықпалын тигізеді деп білместікпен айтуы мүмкін. Алайда, ғылым, соның ішінде медицина, оразаның адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеуде. Атап өтер болсақ:
- Ораза – тек рухани емес, сондай-ақ адам ағзасын тазартуда үлесі зор.
2. Оразаның маңыздылығы
Сұрақ: Рамазан айындағы оразаның маңыздылығы қандай?
Жауап: Рамазан айында күндіз тамақтанудан тыйылу арқылы біз Алла Тағаланың бізге берген нығметтеріне шүкіршілік етіп, барға қанағат етіп үйренеміз. Осы себептен Алла Тағала былай деген:
لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
1. «Ораза» сөзінің мағынасы
Сұрақ: Біз «ораза» сөзін қолданамыз. Ал оның мағынасы қандай?
Жауап: Араб тілінде ораза сөзін «соум» немесе «сыям» деп атайды.
«Соум» сөзінің лингвистикалық мағынасы – тыйылу. Мәселен, «Марйям» сүресінің 26 аятында Марйам анамыздың мына сөзі келтірген:
إِنِّي نَذَرْتُ لِلرَّحْمَنِ صَوْمًا فَلَنْ أُكَلِّمَ الْيَوْمَ إِنسِيًّا