22
Жұма,
Қараша

һижри

Шәууәл оразасын қай кестеге қарап ұстаймыз?

Шәууәл оразасын қай кестеге қарап ұстаймыз?

Ораза

Рамазан айының оразасынан басқа уақытта да мұсылмандар ораза тұтуға ынталандырылады. Басқа уақытта тұтылған ораза нәпіл саналып, ораза тұтқан адамға мол сауаптың жазылуы уәде етіледі.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі» – деген (Әнғам:160). Ғалымдар Шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын осы аятпен байланыстырады.

Рамазан айынан кейінгі тағы бір сауапқа толы ай басталды. Көпшілігіміз бір жылдық сауаптан құр қалмас үшін ауыз бекітіп, орамазамызды жалғастырудамыз. Осы орайда, кісілерді «Шәууәл оразасын қай кестеге қарап ұстаймыз?» деген сауал мазалайды.

Ал жауабы мынадай: Рамазан айынан кейін қаза ораза мен Шәууәл оразасын ұстайтын кісі күнделікті намаз кестесін негізге алады. Таң намазы кірген уақыт – ауыз бекітетін уақыт. Ақшам намазының кірген уақыты – ауыз ашатын уақыт.

ummet.kz

Бөлісу: