27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Ораза арқылы күнә-қателіктердің кешірілуі

Ораза арқылы күнә-қателіктердің кешірілуі

Ораза

Имам Бухари риуаят қылған хадисте:

«Кімде-кім оразаны шын көңілмен тұтса, алдыңғы істеген күнәлары кешіріледі», – деп Алла елшісі (с.ғ.с) айтып өткендей, оразаның қадір-қасиеті орасан зор. Сахаба Әбу Сағид әл-Худриден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деді: «Кімде-кім шеттен шықпастан шын ниетімен жаманнан жиреніп, жақсылыққа жаршы болған күйде ораза ұстаса, алдыңғы жасаған күнәлары кешірілген құлдардан болады». Имам Муслим Әбу Һурайрадан (Алла разы болсын) жеткізген риуаятта Алла елшісі (с.ғ.с): «Бес уақыт намаз, жұма мен жұма, Рамазан мен Рамазан айының арасында ешбір үлкен күнәға түспеген пенденің күнәлары кешіріледі», – деді.

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: