27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Оразаның сауабын алу үшін ішіп-жеуден тыйылуы жеткілікті ме?

Оразаның сауабын алу үшін ішіп-жеуден тыйылуы жеткілікті ме?

Ораза

Ораза тұтқан адамға ораза кезінде де, одан басқа айларда да харам нәрселерден тыйылу керек. Алайда рамазан айларында бұл талап күшейтіледі. Өйткені оразаның дұрыс болуы үшін ауызды ашатын нәрселерден аулақ болу керек болса, оразаның қабыл болуына әрі мол сауапқа кенелуіне харамнан тыйылуы шарт.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: "Ораза – қалқан. Кімде-кім аузы берік болса, жаман сөз сөйлемесін, дауыс көтеріп, айқай шығармасын. Біреу оған тіл тигізсе немесе онымен керіскісі келсе оған: "Мен оразамын" десін".

Тағы бір хадисте: "Кімде-кім жалған сөйлеуді әрі оған амал етуін доғармаса және надандықты (күнә істі) тастамаса, Алла Тағалаға оның тағам мен сусыннан бас тартқаны керек емес", – делінген.

сондықтан ораза ұстаған адам тілін өсек, ғайбат айтудан, құлағын ғайбат сөзді тыңдаудан, көзін харам нәрселерге қараудан тыю керек. Әйтпесе оразаның сауабынан құр қалуы мүмкін.

материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: