21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Рамазанның әр күніне ниет ету шарт па?

Рамазанның әр күніне ниет ету шарт па?

Ораза

Фиқһ ғалымдарының көпшілігінің көзқарасы бойынша, рамазанның әр күні үшін жеке-жеке ниет ету шарт. Өйткені әр күннің өзі жеке басына бір ғибадат болғандықтан басқа күндердегі ұсталған немесе ұсталатын оразамен байланысы жоқ. Сондықтан бір күнгі ораза бұзылса, ол басқа күндердегі оразаға әсер етпейді.

Күн батпай тұрып ертеңгі күннің оразасына ниет жасалмайды. Күн батқаннан кейін қандайда бір оразаға ниет етілген жағдайда екінші шапаққа дейін ішіп-жеу немесе жыныстық қатынас жасау ниет пен оразаға зиян келтірмейді. Өйткені ниет еткен кісі, қандайда бір себеппен екінші шапаққа дейін ниетінен бас тартып, ораза тұтпауына болады. Сол секілді оразаны бұзуға ниет етіп, бірақ аузын ашпаса, оразасы дұрыс болып саналады.

Ораза ұстап ұстамайтындығына күмәнданса немесе ораза ұстауды белгілі бір жағдайға тәуелді етсе, мысалы, «ертең біреу қонаққа шақырса ораза ұстамауға, ал шақырмаса ұстауға ниет еттім» деу жарамсыз болып табылады. 

Сол секілді бір оразамен әрі кәффаратты, әрі нәпіл оразаға ниет етсе, оразасы кәффарат ниеті үшін жарамды. Бірақ бір оразамен әрі қазаға, әрі ант кәффаратына ниет етсе, екеуі де жарамсыз. Мұндай ораза нәпіл оразаға айналады. Сондықтан ниет еткенде нақты қайсы оразаны ұстайтындығын белгілеген дұрыс.

материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: