27
Жұма,
Ақпан

һижри

Рамазан айында күнәлардың жуылуы

Рамазан айында күнәлардың жуылуы

Ораза

Бұл жайында ардақты Пайғамбарамыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Рамазаннан (айынан) Рамазанға(айына) дейінгі күнәлар кешіріледі».

Тағы бір хадисінде: «Кімде-кім Рамазан айының оразасын шынайы иманмен және ықыласымен ұстаса, Алла оның алдынғы күналарын кешіреді». Яғни, ораза (Алланың) парыз еткендігіне әрі, оның мол сауабы бар екендігіне шынайы сенген күйде.

Адамның қарны тойып, тамақты шамадан тыс жей бастаған уақытта, күнәға белшесінен батып, Алланың әмірлеріне қарсы келе бастайды. Қарны ашып, шөлдей бастаса, қайтадан тамақ пен суға жүгіреді. Адамға дүниенің сынақтарынан құтылуға, өзінің ақыреті үшін әлдеқайда қайырлы. Осы жайында бір ілгеріде өткен ғалым оразаны басқа құлшылықтардан жоғары қойған. Оның себебін сұрағанда: «Раббым мені, тамаққа тойып, күнә жасасауымды көргенше, өзіммен әлек болып, тамақ пен сумен күрескенімді көруі маған жақсырақ», деп жауап берген. [Бәлкім иманның ләззатын сезінбей жүргеніміздің бірден-бір себебі, тамақты тым артық жеуде жатқан шығар?

Оразаның басқа да пайдалары жайында айтсақ, дұрыс ойлау қабілетінің жақсаруы (ақыл сананың тазаруы), дене ағзалары жақсарып, адамның денсаулығы күшейеді.

Хадисте: «Ораза ұстасаңдар, жақсарасыңдар!», делінген. Оразаның шарапаты да бар. Ораза тұтқан адамға ауыз аштырған адам, оның бір күндік ораза ұстаған сауабындай алады. Хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кім ораза ұстаушы адамның аузын аштырса, ораза ұстаушының бір сауабы кетпестен, оған берілетіндей сауапты алады», деп айтты. Ал кім бір жылда отыз алты адамға ауыз аштырса, бір жыл өзі ораза ұстағандай сауап алады. Себебі әрбір жасаған жақсы іс он еселенеді. Кім ауыз аштыруға көп дағдыланып жүрсе, Алла ондай адамға ғасырлар ұстағандай оразанын сауабын береді.

Оразаның басқа шарапаты, кім оразаны шын иманымен әрі ықыласымен ұстайтын болса, Алла оның өткен күнәларын кешіреді. Алла елшісі осы жайында: «Кім Рамазан оразасын шынайы иманымен әрі ықыласымен ұстайтын болса, Алла оның бұрынғы күнәларын кешіреді», деді.

 

материал «Оразаның мақсаттары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: